{metadescription}
Қаршадай қызды зорлаған
Қаршадай қызды зорлаған

Қаршадай қызды зорлаған

Ақтөбеде сегіз жасар қызды зорлаған азғын ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің қамауға алынып, тергеліп жатқанын айтады.

Жан шошырлық оқиға қаланың қақ ортасындағы осы үйде бүгін түске таман болған. Қаршадай қыз ол кезде пәтерде жалғыз болыпты. Белгісіз біреу есік қаққанда ештеңе сұрамастан аша салған. Қорғансыз қыздың пәтерде жалғыз қалғанын білген педофил арам ойын жүзеге асырады. Оқушыға күш көрсетіп, зорлаған. Кейін із суытып үлгеріпті. Бірақ көп ұзамай кім екені анықталып, бірер сағаттан соң ұсталды.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Пәтерге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, кәмілетке толмаған қыздың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасап қашып кеткен. Полиция қызметкерлері барлық полиция қызметтерінің қажырлы және үйлесімді жұмысының нәтижесінде жедел шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.