{metadescription}
Берік Шәріп түрмеге қайта оралды
Берік Шәріп түрмеге қайта оралды

Берік Шәріп түрмеге қайта оралды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп түрмеге қайта оралды. Бір жарым айдай бұрын ғана экс-шенеунікті дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына еш кінәсі жоқ деп ақтап берген сот бүгін ол шешімімен айнып, Шәріпті кінәлі деп тапты.

Енді ол орташа қауіпсіз мекемеде үш жарым жыл жазасын өтейді. «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды. Судья Берік Шәріптің сот процесі жүргізілген уақытта бір жыл қамауда болғанын ескерді.

Былтыр сәуір мен мамыр аралығында Қазақстанда екі мыңнан астам медициналық қызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырған. «Ақ халаттылардың жаппай ауруға шалдығуы қорғаныш киімдерінің жетпегенінен» - болды дейді прокурорлар. Мемлекеттік айыптаушылар мұның бәріне Берік Шәріптің қатысы бар, ол тендер кезінде өзі комиссияға жетекшілік етіп, тек белгілі бір жекеменшік серіктестіктің қомақты ақшаны иеленуіне ықпал еткенін айтады.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы:

- Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатылы соттың дәлелдерін негізсіз деп танып, Берік Шәріпті лауазымды өкілетті теріс пайдаланумен қаруды заңсыз сақтауға кінәлі деп тапты. Сот ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың төтенше жағдайлар кезінде жасалғанын таныды. Осыған байланысты Шәріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан өмір бойға айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде