Жаңа қаулы: Егер вакцина алғандар еш ауру белгісі байқалмаса ...
Вакцина алған азаматтар ешқандай ауру белгісі байқалмаса, Ковид-19 науқасымен байланыста болса да, оқшауланбайды. Тек ауру белгілері пайда болған кезде ғана үй карантиніне жіберіледі.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.09.2021
Бас мемлекеттік санитар дәрігер бүгін жаңа қаулы шығарды. Онда осы айтылғандардан бөлек, науқастармен байланыста болғандардың қалай тексерілетіні айтылған.
Ол адамдар ПТР-тапсырып та жүрмейді. Тек медицина маманы екі апта бойы күн сайын телефон шалып, денсаулық жағдайын сұрап отырады. Яғни дене қызуы көтерілгенін, басқа да ауру белгілері пайда болғанын біліп отыру керек. Ал ауру белгісі шықса, үй карантиніне оқшауландырылып, ПТР-тест тапсыруы тиіс. Сондай-ақ симптомсыз науқастар үй карантиніне жатқызылады.
Жаңа қаулыда байланыста болған адамдар тізбегі де жарияланған. Олар: науқаспен бірге тұратындар, тікелей байланыста болғандар. Сондай-ақ қорғаныш бетпердесін пайдаланбай сынып, аурухана сынды жабық үй-жайда 15 минут бірге болғандар да сол санатқа кіреді. Бір жарым метрге дейін қашықтықта болғандар мен ұшақ, автобус, пойызда бірге отырғандар да қатынасқа түскендер деп саналады.
Ержан Байтанаев, санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:
- Бүгінгі күннен бастап ауырған адамның қасында жақын байланыста болған азаматтар, 3-ші және 12-ші күні олардан ПТР-тест алынатын. Енді жаңа қаулыға сәйкес, тек байланыста болғандарға үшінші күні ПТР-тест алынады. Оның нәтижесі теріс шыққан жағдайда үйінде әрі қарай 14 күн карантинде болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!