{metadescription}
Шенеуніктердің бала-шағасына қатер төнді
Шенеуніктердің бала-шағасына қатер төнді

Шенеуніктердің бала-шағасына қатер төнді

Енді лауазымды қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің қаржылық операциялары ғана емес, сатып алған үйлері де тексерілмек. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 50 млн. теңгеден асса жеткілікті. 

Осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын Мәжіліс қарап жатыр. 

Бұған дейінгі заңда 200 милллионның үйін алғандар ғана қосымша тексерілген екен. Енді ол сома төрт есе төмендетіліп отыр. Өйткені заңсыз жолмен табылған қаржы көбіне осы жылжымайтын мүлік арқылы ізін жоғалтады екен. Ал лауазымды қызметкерлер санатына мемлекеттіктен бастап, квазисектордағы басшылардың бәрі жатады. Олардан бөлек, басшылардың әйелі, балалары 50 миллионның үйін алған жағдайда ақшаның заңды жолмен келгенін дәлелдеуі тиіс.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің нәтижесінде 500-ге тарта лауазымды қызметкердің 58 елдің банктерінде шоты бары анықталған. Қалталы шенеуніктердің көбі ақшасын Ресей, АҚШ пен Швейцария банктерінде сақтайды екен.  

Сергей Симонов Мәжіліс депутаты: 

- Ақшамен және басқа мүлікпен жасалатын операциялар бойынша мониторинг жүргізілетін адамдар тізімін Президент бекітеді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жасайды. Яғни еліміздің шенеуніктері мен олардың туыстары қаржылық мониторинг субъектілерінен тиісті қызметтерді алғаннан кейін, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік қызметкерлерге қосымша тексеруден өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде