{metadescription}
СҚО: Көлік бір отар қойды таптап өтті
СҚО: Көлік бір отар қойды таптап өтті

СҚО: Көлік бір отар қойды таптап өтті

Солтүстік Қазақстан облысында көлік бір отар қойды таптап өтті. Қаратал ауылынан шыққан ұсақ малдың соңында қойшысы да болған.

Жол апаты бүгін таңертең болды. Жезқазған - Петропавл тас жолында ауылдан өріске шыққан 16 бас қойды көлік соғып кетті. Ішек-қарыны ақтарылып, барлығы сол жерде арам қатқан. Қойшы ұсақ малды рұқсат белгі қойылған жерден айдап өтпекші болыпты. Алайда жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік жайпап өткен. Тізгіндегі 68 жастағы жүргізуші дін аман. Тек көлігі әжептеуір бүлінген. Мал иесімен өзара келісімге де келіпті. Кеше Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында да 14 бас қойды көлік қағып кетіп, мал қырылып қалған. Осындай оқиғалардың жиіліп кетуіне байланысты жол сақшылары жүргізушілер мен малшыларға жолда өте мұқият болу керегін ескертіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде