{metadescription}
Алматыда жоғалған I топтағы мүгедекке іздеу салады
Алматыда жоғалған I топтағы мүгедекке іздеу салады

Алматыда жоғалған I топтағы мүгедекке іздеу салады

Алматыда аяғы жоқ бірінші топтағы мүгедек 11 күн бұрын арбасымен көшеге шығып хабар-ошарсыз кеткен. Игорь Прошкуринді туыстары жер-көктен іздеп таба алмай жүр.

Қаланың қалтарыс-бұлтарысын түгел шарлап шыққан мүмкіндігі шектеулі азаматтың туыстары көз жастарына ерік берді. Олар 52 жастағы Игорь таза ауа жұтып өз бетінше серуендеуге жиі шығып тұратынын айтады. Ал қайта оралмай із-түссіз жоғалғаны алғаш рет екен. Бірақ бірінші топтағы мүгедектің психологиялық ауытқуы болғандықтан, ұмытшақ келетінін жасырмайды. Іздеу жұмысына қосылған полиция мен еріктілер де таба алмай келеді. Ал жақындары Игорьдің суретін жан-жаққа іліп, өткен-кеткен адамдардан сұрастырып, үмітін үзбей отыр.  

Қамбар Букавадзе, қайын атасын іздеуші:

- Атамызды іздеп жатырмыз. Үйден шығып кеткеніне 11 күн болды. Алматылықтарға өтініш: көрген-білген болсаңдар, өтінеміз, мына нөмірге немесе полицейлерге хабарласыңдар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде