{metadescription}
«Мерседестің» ішінен марихуана мен гашиш табылды – Ақтау
«Мерседестің» ішінен марихуана мен гашиш табылды – Ақтау

«Мерседестің» ішінен марихуана мен гашиш табылды – Ақтау

Ақтауда көлігіне ірі көлемде есірткі салып қала кезіп жүрген күдіктілер ұсталды. «Мерседесті» тоқтатқан полицейлер көліктің  ішінен 2 келіден аса марихуана мен жарты келі гашиш тәркіледі.

Полицейлер көлікте болған үш жігіттің үйін де тінткен. Ұсталғандардың пәтерін тексеру кезінде 8 келі марихуана мен 1 грамм апиын табылған. Барлығы 10 келіден аса есірткі сақтаған 32 және 36 жастағы екі адам абақтыға жабылды. Ал үшіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қазір есірткі тасымалдаумен айналысқан азаматтарға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айғаным Рахметова, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі, яғни есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.