{metadescription}
Қолайсыз ауа райынан жол-көлік оқиғасы жиіледі
Қолайсыз ауа райынан жол-көлік оқиғасы жиіледі

Қолайсыз ауа райынан жол-көлік оқиғасы жиіледі

Ауа райының қолайсыздығынан бір ғана Алматыда түс болмай жатып 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілердің көбі күн райының өзгеруіне көлігін дайындап үлгермеген. Сібірден жеткен циклон еліміздің басым бөлігіне айтарлықтай қар әкелмесе де, республикалық маңызы бар жолдарда жол апаты жиіледі.

Мәселен Теміртау- Нұр-Сұлтан тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тас жолдың жиегіндегі темір қоршауларды қиратып өткен. 

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, қар жауып лезде суып кеткен. Қарағанды мен Қызылорда да түнгі ауа температурасы минус 1-ге түскен. Еліміздің солтүстік пен оңтүстік аймақтарында ақ ұлпа аралас жаңбыр жауып жұртты әбігерге түсірді. Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудың түнгі уақытында 2 градус суық болған.

Алматыда жауған қардан жазатайым оқиға көбейді. Полицейлерге көлік оқиғасы туралы таңғы сегізден түске дейін 57 хабарлама түскен. Олар жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.