{metadescription}
Ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды – ШҚО
Ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды – ШҚО

Ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Арнайы жасақ 31 жастағы күдіктіні дәл қылмыс үстінде қолға түсірді.

Өскемен қаласының тұрғыны қыркүйек айынан бері жеке кәсіпкерді қорқытып-үркітіп 30 миллион  теңге талап еткен екен. Алайда қомақты қаржыны алып жатқан сәтте қолына кісен салынды. Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікті бұған дейінде бірнеше мәрте сотталған. Қазір қылмыстық топтың өзге де мүшелері анықталып, оларды ұстау операциясы жоспарлануда.

Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді. ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 0 қорқытып алу бойынша сараланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.