{metadescription}
Қатерлі ісікпен тіркелген 1200 адам коронавируспен ауырып шыққан
Қатерлі ісікпен тіркелген 1200 адам коронавируспен ауырып шыққан

Қатерлі ісікпен тіркелген 1200 адам коронавируспен ауырып шыққан

Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызылдан» «жасыл» аймаққа бірден өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта : Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Елімізде эпидахуал әлі тұрақталған жоқ. Індет өршіген аймақтар шектеу шараларын қайта күшейтуге мәжбүр. Мәселен, ауру асқынған Солтүстік Қазақстан облысында той-томалақ мен халық көп шоғырланатын түрлі шараларды өткізуге тыйым салынды. Теріскейде Ashyq жүйесімен істейтін кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты қысқартылды.

Соңғы тәулікте індеттен 42, коронавирус пневмпониясынан 4 адам көз жұмған. Қауіпті кесел кешелі бері 1732 жанға жабысса, қос өкпесі қабынғандар 151 адамға артты.

Республика бойынша вирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін толық алғандар 7 миллион адамнан асып жығылды. Екпе алып иммунитетін нығайтып жатқандардың қатарына окнологиялық дертке шалдыққан науқастар да қосылды. Өйткені қатерлі ісікпен күресіп жүргендердің коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары дейді онкологтар.

Нұрсұлтан Ізбағамбетов, Алматы қаласы онкологиялық орталығының директоры:

- Алматының онкологиялық орталығында есепте тұрған 27 мыңнан астам науқастың 30 пайызы вакцина салдырды. Дәрігерлер екпенің ешқандай кері әсерін байқаған жоқ. Қалада пандемия басталғалы қатерлі ісікпен тіркелген 1200-ден астам науқас ковид жұқтырып ауырып шыққан. Өкінішке қарай, 32 адам вирустан қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.