{metadescription}
Вакцина алмағандар жұмыстан шеттетіледі
Вакцина алмағандар жұмыстан шеттетіледі

Вакцина алмағандар жұмыстан шеттетіледі

Вакцина алмағандар жұмыстан шеттетіледі. Тіпті жұмыс берушілер үйде екпе алмау себебімен отырған қызметкеріне өтемақы төлемеуге де құқылы. Еңбек министрлігі екпе салдырмаған немесе ПТР-тесті мен вакцина алуға қарсы көрсетілімі бар деген анықтамасы жоқтардың жұмысқа келу тәртібін түсіндіріп берді.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Дүйсенбіден бастап денсаулық сақтау минстрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді. Иә, Заңнамада коронавируспен ауыратын адамды жұмысқа кіргізбеу туралы тікелей норма жоқ. Бірақ Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағында заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар актілері негізінде тиісті шешім шығарылады деп жазылған.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторының сөзінше, «Денсаулық сақтау туралы» Кодексте санитарлық дәрігер қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат деп келтірілген. Сол себепті жұмыс беруші қызметкерін жұмыстан шеттете алады. Тіпті айлығын төлемеуі де мүмкін. Алайда екі тараптың келісімге келуіне болады. Вакцина алғанға дейін жалақысының жартысын немесе еңбекақының ең төменгі мөлшерін алуға мүмкіндік бар.

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті індетке қарсы  екпені салдырмағандар жұмысқа жіберілмейтінін хабарлаған. Тиісті бұйрық 17-қазаннан бастап күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.