{metadescription}
Ақмола облысында қайық аударылып, екі балықшы суға кетті
Ақмола облысында қайық аударылып, екі балықшы суға кетті

Ақмола облысында қайық аударылып, екі балықшы суға кетті

Ақмола облысында екі балықшы суға кетті.  51 және 53 жастағы екі азамат мінген қайық аударылып кеткен. 

Оқиға Жалғызқұдық ауылы маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Ауылдағы туысқанына Астана мен Степногор қаласынан үш азамат қонаққа келіпті. Олар екі қайыққа мініп алып көлдің екі жағына  балық аулауға бөлініп кеткен. Арада біраз уақыт өткенде алысқа ұзап кеткен екеуі қайтып оралса, туысқандарының қайығы төңкеріліп, біреуінің денесі судың бетінде  қалқып жүрген. Жанталасып жағаға алып шыққанымен, балықшы есін жинамай көз жұмған. Ал екінші балықшының денесін сүңгуірлер  келесі күні жағадан 300 метр жерден тапқан.

Жанат Асылбеков, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы:

1968 және 1970 жылы туған екі азаматтың қайығы аударылып кеткен. Қазір оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. Олар қолдарына жыртқыш балықтар аулауға арналған арнайы қармақ ұстап шыққан. Бұл қармақпен балықшы тек тұрып қана жұмыс істей алады. Резеңке қайықта түрегеліп тұруға мүлдем болмайды. Қайықтың аударылу себебі осы болуы да мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде