{metadescription}
Мұнай компаниясының көлік жүргізушілері ереуілге шықты – Ақтөбе облысы 
Мұнай компаниясының көлік жүргізушілері ереуілге шықты – Ақтөбе облысы 

Мұнай компаниясының көлік жүргізушілері ереуілге шықты – Ақтөбе облысы 

Ақтөбе облысында мұнай компаниясының көлік жүргізушілері ереуілге шықты. Олар жалақы көтерілмесе, жолға шықпаймыз деп отыр.

Наразылыққа шыққан жұмысшылар көліктерін Кеңқияқ пен Жаңажол кен орындарының басына қаз-қатар тізіп қойған. Талабы орындалмайынша, ешбір техника орнынан қозғалмайды деп отыр.  Жүргізушілер мұнай алпауыты жолға кеткен сағатымыздың ақысын бірнеше жылдан бері көтермей отыр деп ашынды.

Мұндағы жеңіл көліктердің барлығы жалға алынған. Сондықтан жүргізушілер жанармайды өз қалтасынан құюға тиіс. Ал дизель қымбаттағалы, жалақымыз жол шығынын жаппайды деп налиды. Қазір ереуілге шыққандармен арнайы комиссия келіссөз жүргізіп жатыр.

Талғат Исқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекция жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:

- Көбінесе кіл жеңіл көліктер шықпай қалған. Жобамен шамамен 80 шақты шықпай қалып еді. Қазір 65-і қалды. Қалғаны түсініп, линияға кетті. 65 техника шықпай қалып тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде