Алматыда 51 жастағы Ерік Алғожаев іздестіріліп жатыр
Алматыда бір айдан бері із-түзсіз кеткен Ерік Алғожаевқа туған-туысқандары іздеу салады. 51 жастағы азамат ауруханадан шыққан беті үйіне қайтып оралмаған. Ал табанынан таусылған ет жақындары іздеу жұмысы еш нәтиже бермей жатқанын айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
02.11.2021
Эльмира Алғожаева, Ерік Алғожаевтың жары:
- Ауруханаға тырысқақ ұстап түскен. Өзі сонымен ауыратын. Екі-үш рет қайталанғаннан кейін жедел жәрдем шақырып жатқыздық. Есін жоғалтып көрген емес. Ешқашан олай кетіп көрген емес. Бірінші рет болып отыр. Өзі ескертпей кетіп қалғанның өзінде екі-үші сағаттан соң қатып келетін. Бір күн де олай жоғалған емес.
Арыстай азаматынан бір хабар алуға зар болған туысқандары Ерік Алғожаев 6-қазанда №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқанын айтады. Алайда үш баланың әкесі екі күннен кейін өзі қолхат беріп, ешкімге тіс жармастан белгісіз бағытта кетіп қалған. Оның аурухана ғимаратынан құр жейдешең шығып бара жатқан сәті бақылау камерасына жазылыпты. Бірақ содан бері одан хабар жоқ. Түрксіб ауданында үстіне қара күртке киген осы азаматты көргендер де бар екен. Өкінішке қарай туысқандары Ерікті әлі таппай жатыр. Шарасыз отбасы егер көрген-білгендер болса, +7 701 375 92 91
Нөміріне немесе полицияға хабарласуды сұрайды. Қазір іздеу тобына еріктілер қосылған.
Анна Лейменова, ерікті:
- Іздеу тобы түскен ақпараттардың бәрін саралап, жан-жақты жұмысқа кірісті. Айнбұлақ ықшамауданында, сосын базар маңында көрдік деген қоңырау түсті. Әзірге нәтиже жоқ. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша іздеу парағын тараттық. Түрлі әлеуметтік желіні іске қостық. Тұрғындар бейжай қарамай, көмектесуін сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары