Нұр-Сұлтан – Петропавл жолында көктайғақтан 7 көлік соқтығысты
Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында 7 көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында 9 жасар бала бар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
02.11.2021
Жол апаты қас қарая болды. Петропавлға бет алған 22 жастағы жүргізуші жол ортасындағы қоршауға соғылған. Соңынан қатты жылдамдықпен келе жатқан 6 көлік көлденең тұрған машинаны барып ұрыпты. Ешқайсысы тежегішті басып үлгермесе керек. Өйткені сол кезде қарлы жаңбыр жауып, жол көктайғақ болған. Апаттан төрт адам жарақаттанып, жақын маңдағы Бұланды ауданының ауруханасына жеткізілді.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Біржан сал ауданы полициясына апат туралы хабар түскен. Бұлай жаппай көліктердің соғылуына көктайғақ себеп болды деген болжам бар. Қазір жол ережесін бұзу бойынша, автотехникалық, сот-медициналдық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде қай жүргізушінің кінәлі екені анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары