{metadescription}
Шымкентте пышаққа түскен қыз ауруханада жатыр
Шымкентте пышаққа түскен қыз ауруханада жатыр

Шымкентте пышаққа түскен қыз ауруханада жатыр

Шымкентте шағын ота жасату үшін пышаққа түскен қыз 8 айдан бері ауруханада жатыр. 24 жастағы Әсел Қоқанова өкпесінен өскін шығып, соны алдырту үшін қалалық клиникалық ауруханаға барған. Хирург 20 минутта бітеді деген ота төрт созылып, содан бері қыздың хәлі нашар.

Ақыры туберкулез табылып, енді науқас бірнеше айдан бері төсек тартып жатыр. Екі есе салмақ тастаған Әселдің анасы қызымды емдей алатын жерге жіберіңдер деп аурухана жағалап жүр.

Әселдің өкпесінде өскін бар деп учаскелік емхана сәуір айында  оны 1-ші ауруханаға жөнелткен. Айдар Шалабаев есімді кеуде хирургы ары кетсе 20 минуттық операция деп дереу ота жасапты. Бірақ, 20 минут дегені 4 сағаттан асып, содан бері Әселдің хәлі нашарлап кеткен. Ауруханаға күнде келіп, жарақатын байлатып жүргенде туберкулез таяқшасы түсіп, соңғы 5 айдан бері тубдиспансерде жатқан қыз енді анасына жылап хабарлама жіберіп жатыр.

Қыздың көз жасына шыдай алмаған туыстары бұл жолы ауруханаға келді. Операция жасаған хирургтен бастап, бас дәрігерге дейін шақырған еді. Бірақ, басшының орынбасарларынан басқа ешкім шықпады.

20 минуттың аяғы міне өкпеде киста бар деген. Сол кистаға диагнозды жөнді қоймаған. Диагнозды қоймағандықтан, өзінің жұмысына салғырт қарағандықтан менің қызым 8 айдан бері бір қарыс ашық бітпейді. 8 айдан бері ірің ағып жатыр.

8 айда 30 килограмм тастаған Әселдің құр сүлдері ғана қалған. Ота кезінде пышақ тиген тұсы қарыс сүйем болып бітпей қалған. Дәрігердің салғырттығынан қызым жарымжан болды деген анасы Шымкентте ем табылмаса басқа ауруханаға жіберіңдер деп шырылдап жүр.

Әсем Қадырова, науқастың анасы:

- Ешкімнен көмек жоқ. Областной департаментке де жаздым, минздравқа да звондадым бүгін таңертең қызыма порталмен квотамен жіберіңдер, самолетпен жіберіңдер, қыз жарамайды ғой, ертең бір жағдай болғанда Портал туралап жатырқ, порталмен қалай апарсаң солай апар дейді. Менің қызым жүруге жарамайды. Олар әшейін қағаз жүзінде журуге жаратып қойған. Қызым туалетке әрең барып келеді.

Аурухана басшылығы болса ота жасаған Айдар Шалабаевтың операцияны шала жасағандығын мойындайды. Тіпті, тексеріс болып қатаң сөгіс жарияланғанын айтады. Тек, осыған дейін қыздың денсаулығына атүсті қараған дәрігерлер енді көмекті аямаймыз деп отыр.

Естемісов, Шымкент қалалық №1клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Келесі аптада науқастың туыстары келісім беретін болса біз қайтадан сол жаққа шығып, келесі аптада сол жаққа емделуге жіберуге әрекет жасаймыз.  Көлікпен немесе басқа шығындарын көтересіздер?  Қажет болса расходтарын көтереміз.

Дәрігерлерге сенсек квотаны айлап күткен науқас келесі аптадан қалмай Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласындағы емдеу орталығына жіберіледі. Ал, квотаны бөлдіріп, барлық шығынды көтерем деген ота жасаған хирургтің өзі екен. Әзірше сөзге сенген Әсел Қоқанованың туыстары ақхалаттылар уәдесінде тұрмаса аурухана басшысынан бастап, хирурге дейін сотқа сүйремекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде