{metadescription}
Шымкентте қаржы пирамидасыни алданғандар жиналды
Шымкентте қаржы пирамидасыни алданғандар жиналды

Шымкентте қаржы пирамидасыни алданғандар жиналды

Қаржы пирамидасына алданған салымшылар бүгін Шымкентте жиналды. Барлығы «Эволюшн Корпорэйшн» деп аталатын компанияға 3 миллиард теңгеден астам қаржыларын құйған. Сөйтіп мол табысқа кенелеміз деп тақырға отырғандар арнайы брифинг өткізіп оған прокуратура, полиция мен сот өкілдерін шақырған екен.

Алайда құзырлы орындардан ешкім келген жоқ. Соған қарамастан салымшылар ақшамызды қайтарсын деп байбалам салды.

Олардың несін конфискациялады  ма үкімет, сол конфискация жасаған ақшадан қайтсын халыққа, біріншіден. Екіншіден, ақшалары жоқ па заңда бар өмір бойы бізге жұмыс істеп өтсін. Мен білмеймін қаяқтарына тықты, сояқтарынан шығарып. Болды, наши нервы на исходе.

Үш жыл жұмыс істеген «Эволюшн Корпорэйшн» компаниясы бізге ақша салсаңдар еселеп қайтады деп жарнама жасаған. Тіпті дәрілік заттармен айналысамыз, терминалдарымыз бар деп тауарларын Экспоға шығарған соң сеніп едік дейді жиналғандар. 2 мыңнан астам адамды тақырға отырғызған компанияның 26 мүшесі қазір қамауда отыр. Сот Түркістан қаласында өтіп жатыр екен. Алданғандардың 70 пайызы Жетісай мен Мақтарал ауданының тұрғындары. Сондықтан жәбірленушілер сот Жетісай қаласында өтсін деген талап қоюда. Салымшылардың алды бір миллион  сегіз жүз мың, кейбірі 26 миллион теңге ақша салыпты. Тіпті несие алып ақша құйғандар банк қызметкерлерін де тексерсін дейді. Себебі, Жетісай мен Мақтаралдағы 15 банктің менеджерлері пирамидаға ақша алатындарға ешқандай шектеусіз несие шығарып берген көрінеді.

Айжан Кесебаева, заңгер;

Азаматтарды қолдарынан жетектеп жүріп, банкке апарып жаңағы үгіттеушілер жеке куәліктерін банктің менеджеріне беріп, кредитті қолма-қол сол жерде өздеріне алып отырған. Получается, бұл жерде жергілікті жердегі банк филиалдарының қызметкерлерімен компанияның қызметкерлері арасында ауыз жаластық болған деген күдік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде