{metadescription}
Оралдағы аялдама пәтердің құнымен пара-пар
Оралдағы аялдама пәтердің құнымен пара-пар

Оралдағы аялдама пәтердің құнымен пара-пар

Аялдама пәтердің құнымен пара-пар. Оралда қаланың екі жеріне қоғамдық көлік тоқтайтын аядай нысандардың әр қайсысы 10 миллилнға салыныпты. Бірақ сол қымбат аялдаманың өзі тұрғындардың көңілінен шыққан жоқ.

Татьяна Ильичева, Орал қаласының тұрғыны:

10 миллион деген өте қымбат, әрине. Бұл ақшаға екі бөлмелі пәтер салып алуға болады. Аялдама үшін осыншама ақша жұмсау деген ақылға қонымсыз ғой.

Аялдамалардың ауданы 20 шаршы метрден аспайды. Қалың шыныдан салынған. Ішінде жазда ауаны салқындататын кондиционер және суық мезгілде қосылатын жылытқышы бар. Ұялы телефоныңызды қуаттап алуға бірнеше тоқ көзі қарастырылған. Дәл осындай аялдама жыл басында шаһардың екі жеріне салынған еді. Бірақ олардың құны қазіргіден 3 млн теңгеге арзан болды. Ол кезде де қарапайым болып көрінетін құрылыстың құны жұртшылықтың қытығына тиген.

Атқамінерлер бұл мәселені құрылыс материалдарының қымбатшылығымен түсіндірді. Орнату жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылған.

Нұрлыбек Мұхамбетқалиев, БҚО жолаушы көлігі секторының бас маманы:

- Аялдаманы салған жекеменшік компания әр нысанға 10 млн. теңге жұмсаған. Бұл құжат бойынша да солай. Биыл, өздеріңіз білесіздер, құрылыс материалдарының бәрі күрт қымбаттап кетті. Сол үшін де аялдама құрылысы да арзанға бағаланып отырған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде