{metadescription}
Сенаторлар: «Лакшми Миттал Қазақстан алдындағы міндеттерін орындасын»
Сенаторлар: «Лакшми Миттал Қазақстан алдындағы міндеттерін орындасын»

Сенаторлар: «Лакшми Миттал Қазақстан алдындағы міндеттерін орындасын»

«Лакшми Миттал Қазақстан алдындағы міндеттерін орындасын!» Осылай деген сенаторлар бүгін Үкіметтен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен жасалған инвест-келісімді қайта қарауды талап етті. Депутаттардың айтуынша, баяғы жартас сол жартас, компанияның кемшіліктері шаш етектен, апат көп.

«Абай» шахтасындағы қайғылы жағдай халық қалаулыларын бейжай қалдырмапты. «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық компаниясының кен орындарында соңғы 10 жылда 23 апат болған. Одан 41 адам зардап шегіп, 19-ы қаза тапты. Ал 2006 және 2008 жылдардағы екі ірі жарылыста 71 кенші көз жұмған.

Сенатор өнеркәсіптегі қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту үшін осы кәсіпорында да, бүкіл мемлекет ауқымында да үкіметтік деңгейде шаралар қабылдау маңызды деп санайды. Әйтпесе ауаға зиянды заттар сол күйі тарай береді, қайғылы жағдайлар азаймайды, білікті кадрлар тұрақтамайды.

Сергей Ершов, Сенат депутаты:

Үкіметті қабылданған міндеттемелерді мүлтіксіз сақтауға және апат пен өлімге душар ететін жарақаттану санының өсе түсуіне ықпал ететін жағдайды болдырмауға шақыра отырып, өздерінің жеке отырысында саланың жағдайын және «Арселордың» жай-күйін қарауды сұраймыз. Сондай-ақ қауіпті өндіріс объектілерінде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты және жүйелі шаралар, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік ахуалы мен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде «Арселормен» инвестициялық келісімді қайта қарау туралы шаралар ұсынатын болсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде