{metadescription}
Юрий Ильин: Өндіріс ошақтарын ескертусіз тексеріп, қылмыстық жаза қолдану керек
Юрий Ильин: Өндіріс ошақтарын ескертусіз тексеріп, қылмыстық жаза қолдану керек

Юрий Ильин: Өндіріс ошақтарын ескертусіз тексеріп, қылмыстық жаза қолдану керек

Ірі өндіріс орындарындарындағы апатты азайту үшін заңды күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Сенатта осындай бастама көтерді.

Себебі солқылдақ заңнан жақында апат болған Абай шахтасының қожайыны "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы сияқтылар тек айыппұл төлеп құтылады екен. Оның үстіне өндірістегі заң бұзушылықтарды анықтауға өндірістік қауіпсіздік инспекторлары жетіспей жатыр дейді министр.

Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдайлар министр:

- Бүгінгі таңда өндірістік қауіпсіздік саласында елде 381 инсепктор ғана бар.  1991 жылы 1600 инспектор болған. Қазір бір инспекторға 600-ден аса өндіріс орнын тексеру жүктелген. Сонымен қатар елімізде өндірістік қауіпсіздік саласын зерттейтін ғылыми орталық та жоқ. Сондықтан өндірістегі қауіптің бар-жоғын анықтау, баға беру, инспекторға ғана жүктелген.

Министрдің айтуынша Абай шахтасында болған апатқа осы факторлармен қатар өндіріс орындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмайтыны себеп. Ескірген құрылғылардың жаңартылмайтыны тағы бар. Ал оны тексеруге бизнес мүддесін қорғайтын заң кедергі. Бір біріне кереғар ережелер сақтап жүргенде адам шығыны болып жатыр дейді министр. Мәселен соңғы бес жылда өндіріс орындарындағы апат 30 пайызға артқан. Яғни осы уақытта тіркелген 125 оқыс оқиғадан 110 адам зардап шексе, 53 жұмысшы қаза болған. Сондықтан Юрий Ильин өндіріс ошақтарын ескертусіз тексеріп, айыппұлдан гөрі қылмыстық жаза қолдану керек дейді. Ал сенаторлар алдымен Қарағанды облысындағы жағдайды жіті бақылауға алып, содан шыққан қорытынды бойынша шешім қабылдамақшы.

Мұхтар Құл-Мұхамед, Сенат депутаты:

Жылдың аяғына дейін біздің комитет мүшелері Қарағанды облысына барып анық-қанығына дейін тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқаны, жауапты адамдардың қандай жазаға тартылғаны, зардап шеккен адамдарға қандай көмек көрсетілгені біздің тарапымыздан бақылауға алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.