{metadescription}
Энерготапшылық болса, билік басындағылар көршіден көмек сұрайды
Энерготапшылық болса, билік басындағылар көршіден көмек сұрайды

Энерготапшылық болса, билік басындағылар көршіден көмек сұрайды

«Қараша қараңғыда қалмайды!» Энергетикаға жауапты шенділер бүгін ел тұрғындарын осылай сендіруге тырысты. Тіпті, алаңдауға да негіз жоқ деп отыр вице-министр.

Ол үшін жарықты «жұтып» жатқан майнерлердің де жолын кесіп, тоқ қуатын көптеп таратуға күш салып жатыр екен. Қуат көзінен тапшылық көрмес үшін үкіметтегілер тағы қандай амал тапты?

Бірнеше күннен бері желіде жарықтың жайы жыр болды. Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа өңірлерде электр тапшылығы расымен өзекті мәселе. Әсіресе оңтүстіктегі ағайынның алаңдауына негіз бар. Тіпті Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарында тіршілік қыз-қыз қайнаған уақытта сағаттап жарықты өшіру мүмкін екені де айтылды. Дегенмен энергияға жауапты шенділер алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Кей өңірлерде жарықтың жетіспеушілігіне тиісті көлемде электр энергиясын сатып алмаған аймақтардың өзін кінәлады. 

Бекжан Мұқатов, «KEGOK» АҚ бас диспетчері:

- Тұтынушылар электр энергиясын нақты тұтынатын көлемде сатып алу керек. Қазан, қарашада кей өңірлерде тапсырыс берген мөлшерден тұтынғаны асып кетті. Сондықтан бірнеше сағатқа тоқты ажыратуға тура келді. Электр энергиясына тапсырыс бермес бұрын, қажет көлемді әбден анықтап алуға тапсырма берілді.

Тасымалға жауапты компания өкілдері қалай ақталса да, елімізде жарықтың жетіспеушілігі бар екені байқалады. Былтырмен салыстырғанда елде электр энергиясының тұтыну көлемі 7 пайызға артқан. Өткен қыркүйек айының өзінде 9 миллиард киловаттқа жуық тоқты жұмсап үлгеріппіз. Бұл тізімде де Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Даулы мәселде энергетика министрлігі де үнсіз қалмады. Вице-министр Мағауовтың айтуынша, шамадан тыс тоқтың шығынына майнерлер кінәлі. Әсіресе жасырынып криптовалюта өндіретін "сұр майнерлер". Сондықтан электр энергиясы қат болып жетпеген күнде қарапайым халықтың емес, осы майнерлердің қызметін шектейміз дейді министрліктегілер. 

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Мұқият жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жамбыл облысында 12, Павлодар облысында 1 сұр майнингпен айналыстан компания анықталды. Олардың жұмысын шектеу нәтижесінде 120 мегаватт электр энергиясы үнемделді. Біз азаматтардың электр энергиясын емес, осындай пайдакүнем майнерлердің тоғын шектейміз. Осылай электр энергиясын үнемдеп қысқы-жылыту маусымынан өтуді жоспарлап отырмыз.

Ерінбегеннің бәріне сөз болған майнерлердің көбеюі себебі көршілес Қытайдың криптавалютаға шектеу қоюы екен. Сол себепті инвесторлар Қазақстандағы майнинг саудасын қыздырып жатыр. Ал, заңсыз майнерлерді шектеп халыққа тоқты көбірек тарату үшін күні кеше ғана 200 мегаватт қуатты Жамбыл гидроэлектрстанциясының кезекті блогы іске қосылған.

Ал өзіміздің электр станциялардың күші жетпей жатса, билік басындағылар көршіден көмек сұрауға дайын отыр. Энергия тапшылығы қатты қысып жатса, Ресейден 40 мың мегаватқа дейін қуат көзін сатып алу жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде