{metadescription}
Бензин мен жанармайды қырғыздарға жерастымен жеткізіп отырған 
Бензин мен жанармайды қырғыздарға жерастымен жеткізіп отырған 

Бензин мен жанармайды қырғыздарға жерастымен жеткізіп отырған 

Жамбыл облысынан Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдаушылардың қулығы әшкерленді. Айлакерлер көрші елге бензин мен жанармайды жерасты құбыры арқылы жеткізіп отырған. 

Меркі ауданындағы шекаралас ауылдардың бірінде түсірлген видео. Оны жергілікті тұрғын телефонға жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жуықтайды. Оның басы Қазақстаннан басталып, соңғы Қырғызстаннан аяқталады. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені белгісіз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр. Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде