{metadescription}
Үш адам өлген Шортандыдағы жарылыста зардап шеккен 4 науқастың жағдайы ауыр
Үш адам өлген Шортандыдағы жарылыста зардап шеккен 4 науқастың жағдайы ауыр

Үш адам өлген Шортандыдағы жарылыста зардап шеккен 4 науқастың жағдайы ауыр

Үш адамның өмірін жалмаған Шортанды кентіндегі жарылыста зардап шеккен 4 науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатқандардың арасында екі бала бар.

Нариман Сыздықов, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Екі ер азамат пен екі баланың халі ауыр. Олар жа сақтау бөлімшесінде жатыр. 9 жасар қыз бала мен 12 жасар ер бала тыныс алу аппаратына қосылған. Ал Шортанды ауданы ауруханасындағы екі науқас бір әйел мен бір баланың жағдайы орташа. Барлығы ем дем алып жатыр.

Нұр-Сұлтандағы ауруханада жатқан жағдайы ауыр деген екі азаматтың жасы 33 және 34-те. Денесін 70 пайызға дейін күйік шалған төрт науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Ал беті бері қараған 1 және 5 жастағы бүлдіршіндерді жансақтау бөлімшесінен травматологияға ауыстырды. Олардың барлығы санавиациямен оқиға болған түні Елордаға жеткізілген болатын.

Екі күн бұрын Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш пәтерлі баспана отқа оранған. Оқыс оқиғадан 3 адам көз жұмып, 10 адам түрлі дене жарақатын алды. Қазір «Өрт қауіпсіздігін сақтамау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. Себебі, жарылыстан бір апта бұрын ғана осы пәтерге төтенше жағдай қызметкерлері келіп, өрт қауіпсіздігі туралы ескертпе жасаған екен.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

8-қараша күні дәл осы жарылыс болған пәтерде біздің төтенше жағдай қызметкерлері болған. Газ құрылғысын пайдалану жөнінде кеңес беріп, жадынама қалдырған. Дабыл қағатын қондырғы да орнатқан. Олар толтырылған газ баллонды суықтан ішке кіргізіп, жылыту үшін пешке жақындатып қойған. Апаттың негізгі себебі осы  болуы мүмкін. Ал газ баллонын қай жерде толтырды, оны тергеу анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде