{metadescription}
Әйелін 30 рет пышақтап өлтірген экс-күйеу сот алдына келді
Әйелін 30 рет пышақтап өлтірген экс-күйеу сот алдына келді

Әйелін 30 рет пышақтап өлтірген экс-күйеу сот алдына келді

Оралда қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы сот алдында жауап бере бастады. Бауыржан Хайруллин осыдан жеті ай бұрын бұрынғы әйелін 30 жерінен пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.

- Шыбын құрлы көрмей, тірі адамды, екі баланың анасы, екі баланы стресске түсіріп, жетім қалдырып, өстіп жылатып қойған..

Сотта қатыгездікпен өлтірілген 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның туыстары оның  күйеуінен көрген теперішін жіпке тізгендей айтып берді. Бауыржан Хайруллин әйелін ұрып-соғып, тіпті түнімен бала-шағасына ұйқы бермей отбасының берекесін алып келген. Экс-шенеунік бір рет пышақ та жұмсапты. Шыдамдылық танытқан марқұм балалары үшін бәрін кешіріп келген.

Алайда ажырасып кеткен келіншегімен соңғы кездесуі қанды қылмысқа ұласты. Оны жұмысынан сыртқа алып шығып, денесінің 30 жеріне пышақ сұққан. Қанды оқиға болғаннан кейін 20 минутта қолға түскен Бауыржан Хайруллинге ең ауыр жаза кесілуге тиіс деп санайды марқұмның анасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде