{metadescription}
Сарапшылар теңге бағамының құбылуының бірнеше себебін айтты
Сарапшылар теңге бағамының құбылуының бірнеше себебін айтты

Сарапшылар теңге бағамының құбылуының бірнеше себебін айтты

Құлдырап бара жатқан теңгенің күні не болмақ? Ұлттық валютамыз сәуірден кейін тағы долларға шаққанда 430 теңгеден асты. Ұлттық банк бұл жағдайдың жай-жапсарын түсіндіріп бағуға тырысты. Мұнайдың арзандауы бірінші кезекте ақша бағамының құбылуына түрткі екен.

ҚР Ұлттық банкі:

- ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің мұнай нарығында қосымша ұсыныстың жуық арада пайда болатыны туралы болжамдарына байланысты соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіштен 5 пайызға төмендеді. Байден әкімшілігінің мұнай бағасын ұстап тұру үшін жасалған спекуляцияларының да әсері бар. АҚШ пен Қытай үкіметі басшыларының стратегиялық резервтерінен мұнайды сату мәселесін талқылауы нарық қалыптастырушы елдердің алаңдаушылығын тудырады.

АҚШ-та соңғы 30 жылдан бері инфляция көрсеткіші 6,2 пайызға дейін жетуі де қаржы нарығындағы бағамның құбылуына өз салқынын тигізіп тұр. Оған қоса Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттер қызығушылығының төмендегені байқалады. Ай басынан бері инвестицияларын 3 пайызға қысқартқан. Сарапшылар теңге бағамы құбылуының тағы бірнеше себебі бар дейді.

Мақсат Халықов, экономист:

- Ең бірінші мәселе – төлем балансы. Төлем балансы деген импорт пен экспорттың ара қатынасы. Егер де біздің әлемге сатып жатқанымыз азайып қалса, әлемнен сатып алып жатқанымыз көбейсе, тиісінше, сол долларға деген сұраныс артады да, нәтижесінде девальвациялық жағдай орын алады, теңге құнсызданады. Қазір осы фактор қаттырақ әсер етіп тұр, соңғы екі жылда минус дәрежеде дефицит болғаны осы төлем балансында 5-6 млрд долларға дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.