{metadescription}
Қарағанды сыртындағы тас жолдар көктайғаққа айналды
Қарағанды сыртындағы тас жолдар көктайғаққа айналды

Қарағанды сыртындағы тас жолдар көктайғаққа айналды

Қарағанды облысында кешелі бері күн райы құбылып тұр. Түнімен қарлы боран соқса, күндіз оның аяғы жаңбырға ұласты. Соның салдарынан дымқыл қарды тазалау қиындап, қала сыртындағы тас жолдар көктайғаққа айналған.

Балқаш пен Алматы арасындағы автобандағы көк мұзда кібіртіктеген көліктер жүре алмаса, жүк көліктері сырғанап тоқтай алмай жүр. Құм сеуіп, тас жолдарды тазартуға тиіс «Қазавтожолдың» қарасы көрінбейді. Соның салдарынан Сарышаған маңында шеті жоқ кептеліс болған. Төтенше жағдай қызметі түнде Ағадыр елдімекенінің маңында қар құрсауында қалған 5 адамды құтқарды.

Қарағандыда жолаушылар қарға белшесінен батқан автобусты өздері итеріп жүр. Тоқтаусыз жауған жаңбыр аралас қар қала көшелерін де көміп тастаған. Коммуналдық қызмет жолдарды аршып үлгермей жатыр. Ал синпотиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысында қар әлі екі-үш күн тоқтаусыз жауады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде