{metadescription}
Нұрада миллиардтан астам қаржыға салған құбыр жарылып жатыр – Алматы облысы
Нұрада миллиардтан астам қаржыға салған құбыр жарылып жатыр – Алматы облысы

Нұрада миллиардтан астам қаржыға салған құбыр жарылып жатыр – Алматы облысы

Алматы облысында шағын ғана ауыл миллиард теңгеден астам қаржыға тартылған құбырдың қызығын көре алмай отыр. Өйткені сапасыз құрылыс жарты жылға жетпей сыр берген. Ал 200-дің үстіндей түтін ғана бар ауыл тұрғындары сол күйі суға жарымаған.

Жұрт мұның себебін сұрап бүгін шу шығарды. Тек оларға тұшымды жауап беретін басшы жоқ. Ауданнан келген шенеунік жауапты мекемелерге хатты енді жазбақшы.

Су құбыр жүйесіне мемлекеттен 1миллиард 40 миллионға жуық қаражат бөлінген. Алада қазіргі сиқы осы. Ашық- шашық жатқан су құбырлары көбінесе жарылып, 220 үй сусыз қалған. Біреуі тіпті бос жатыр.

Су құбырларының құрылысы үш жыл бұрын басталып былтыр аяқталуы  керек еді. Бірақ содан бері жыры біткен емес. Талғар ауданына қарайтын Нұра ауылының тұрғындары мұның себебін сапасыз құрылыстан көреді. Айтуларынша, жарты жыл ішінде 10 шақты рет жарылып, әр кез сусыз отырған.

Болат Қасымов, Нұра ауылының тұрғыны:

Берген қысымнан шыдымайды да, аннан жарылады, мыннан жарылады. Демек бұл технологиялық жұмыстың дұрыс орындалмағаны. Жарылып жатқаны бар. Жарық мәселесі де бар. Осындай әлеуметтік мәселе көтеріліп жатқанда неге әкім қадағалап, жарық болуына, халықтың мәселесіне неге атсалыспайды?

Енді миллиард 39 миллион ақша бөлінгеннен кейін. Ол талапқа сай, қажеттілігне жұмсалу керек қой.

Мәселен, Айгерім Нұрданова тіршілік нәрінен таршылықты жарты жыл көріп келеді. Жұпыны пәтерді жалдап тұрған төрт баласы бар жесір ананың су тауқыметін тартқаны жығылғанға жұдырық болған.

Айгерім Нұрданова, Нұра ауылының тұрғыны:

Бізде ылғи да суды өшіріп тастайды. Суды бұрынғы Кеңестер одағындағыдай арбамен тасыимыз. Судың сапасы өте төмен. Қақ деген қабат болып жиналады. Шәугімдерімізді ылғи қырамыз да жатамыз. Бір шәугім суды толтыруға бір сағат уақытым кетеді. Кір жуғышымыз күйіп кетті. Бүйректерім тұзға толып кетті. Тасы бар дейді маған. Өйткені суды осы ауылдан су ішеміз. Балаларым жиі ауырады.

Ал ауыл әкімі тиісті мекемелер мен мердігерге хат жазып, бір айдың ішінде мәселені толық шешпекші. Егер құбыр қайта жарылып тұрғындар сусыз қалса, мердігер компанияны сотқа береміз деп отыр.

Сейітқұл Дөңбаев, Нұра ауылы аймағының әкімі:

- Аудан әкіміне хат жазғанбыз. «Асатайдың» басшыларына жаздық. Неге жасамайсыңдар, мерзімі де өтіп кетті дедік. Масқара! 1миллиард 59 миллионға алып отыр. Енді құбырлар жаңа салынған ғой.  Апат болған жағдайда мердігерлерді шақырып сотқа жүгінеміз. Сотқа бере саламыз. Жауап берсін. Келісімшарт бар ғой.

Миллиардттаған ақшаны біреу қалтасына жымқыруы мүмкін деп, бұл жауапқа жиналған қараша сенбейді. Өйткені халықты осы уақытқа дейін әкімдік те, мердігер де сылдыр сөзбен сендіріп келген. Мәселе шешілмесе, мердігер мен жергілікті билікті тұрғындардың өзі сотқа беруге дайын отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде