{metadescription}
Самокат: Компания өкілдері жаңа ережеге өзгеріс енгізуді сұрап отыр
Самокат: Компания өкілдері жаңа ережеге өзгеріс енгізуді сұрап отыр

Самокат: Компания өкілдері жаңа ережеге өзгеріс енгізуді сұрап отыр

Веложолақтағы жылдамдықты шектеу қажет. Елімізде самокатты жалға беретін компания өкілдері әлі қабылданбаған жаңа ережеге өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Олар қос дөңгелекті көлік құралының қалада емін-еркін қозғалуына мүмкіндік беріп, велосипедтер санатына теңестіру аса маңызды дейді.

Мейрамбек Әбілқасов, самокатты жалға беретін компанияның негізін қалаушы:

- Біз самокат пен мопедті екі түрлі көлік құралы ретінде қарастыруымыз қажет. Яғни самокат тізгіндегендердің жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін шектеп, қос дөңгелекті көлік пен велосипед айдайтындарға ортақ ереже енгізген жөн. Жауапты ведомство шешімді дұрыс қабылдау керек. Жаңа ереже қабылданса электр самокат тізгіндейтіндер тәртіпті сақтайтынына сенемін. Тұрғындардың самокатқа деген көзқарасы қазір өзгерген.

Жарты жыл бұрын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев самокат тақымдағандардың трасса мен жаяу жүргіншілер жолындағы қозғалысына тыйым салып, олардың жылдамдығына қатысты өзгеріс енгізуді тапсырған еді. Жауапты ведомство басшысы жаңа ереже арқылы жол бойындағы олқылықтың алдын алуға болатындығын да айтқан. Өйткені, соңғы кездері электросамокат тізгіндегендердің кесірінен көлік апаты күрт көбейген.

Мәселен, жыл басынан бері олардың қатысуымен Алматыда 14 жол апаты тіркеліпті. Шаһарда арлы-берлі зуылдап жүрген көлік құралы ешқандай тіркеуге алынбайды. Сондықтан оларды бақылап жауапқа тарту қиын екені сөзсіз. Ал әкімдіктегілер самокаттан гөрі, мопедтердің тұрғындарға төндіретін қаупі жоғары екенін алға тартады.

Абылайхан Омархан, Алматы қаласы мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

Мопедтерге арнайы ереже қажет деп ойлаймыз.  Бүгінде мопедтер жаяу жүргіншілер жолымен де жүріп жатады. Мопед аса қауіп төндіретін құрал деп тануға болады. Себебі, оның үлкен салмағы және оның жылдамдығы 50 шақырымнан асырады. Мопедтерді жолға шығару керек. Ал веложолақта 25 шақырымға дейін жылдамдық алатын көліктер ғана жүруі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде