{metadescription}
Қаланы қоқыс басуы мүмкін
Қаланы қоқыс басуы мүмкін

Қаланы қоқыс басуы мүмкін

Петропавлдың тазалығына жауапты мекемелер тарифті көтеруді талап етуде. Олар қоқыс шығаруға төленетін ақыны екі есе қымбаттату керек дейді. Өйтпесе, қаланы қоқыс басады деп отыр.

Мұрат Есмұханов, «Коммунсервис» ЖШС директоры:

- Бүгін техникамыздың 40 пайызы жұмысқа  шыға алмады.Қалада қоқыс тау төбе болып үйіліп жатыр. Өйткені, биыл техникамыз қаражат жетіспеу себепті,мүлдем жөндеу көрген жоқ.

Петропавлда қоқыс шығарғаны үшін әр адам басына 220 теңге белгіленген. Бұл тариф 5 жылдан бері өзгермепті. Коммуналдық қызметтегілер мұндай мардымсыз ақыға техника жөндемек түгілі, жұмысшы да таба алмайсың,-дейді. Қоқыс көлігінің жүргізушісі 150 мың теңге, ал  жүк тиегіш 100 мың теңге көлемінде жалақы алады екен. Бірақ мұндай лас жұмысқа екінің бірі келісе бермейді. Сондықтан, тарифті  450 теңгеге дейін көтеруді талап етуде. Егер ол орындалмаса, қарызы көп жатақханалар мен қала шетіндегі аудандардың қоқысын жинаудан   бас тартпақшы. Коммуналдық мекемелер әкімдікке осы талабын  жолдап та үлгерген.

Әсем Айтулова, Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Әкімдік тарапынан тарифті көтеру бойынша шешім қабылдай алмаймыз. Сондықтан қазіргі таңда бұл сұрақ қоғамдық кеңесте, содан кейін мәслихат сессиясында қаралатын болады. Олардың берген бағалары барлығы қарастырылып, тарифті көтеру не көтермей туралы шешім сол жерде қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.