COVID-19: 444 науқастың жағдайы ауыр
Елімізде тағы 19 адам індеттен қайтыс болды. Ал өткен тәулікте коронавирус пневмониясымен ауырғандар арасында адам шығыны жоқ. Алайда вирус жұқтырғандар саны қайтадан артып барады.
Автор: Мақсат Мәлік
25.11.2021
Соңғы тәулікте 946 жерлесіміз Ковид-19-дың құрығына ілігіпті. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 41 адамға көп. Әсіресе Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы, сонымен қатар Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тәулік ішінде вирус жұқтырғандар қататары 100-ден асады.
Ал өткен тәулікте 141 тұрғын қос өкпесі қысылып дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір жалпы саны 28 мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Олардың арасында 444 науқастың жағдайы ауыр.
Пандемия басталғалы Ковид-19 бен коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны миллион адамнан асып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!