{metadescription}
Елорда: Хайуанаттар салонынан ірі көлемде есірткі табылды
Елорда: Хайуанаттар салонынан ірі көлемде есірткі табылды

Елорда: Хайуанаттар салонынан ірі көлемде есірткі табылды

Нұр-Сұлтандағы хайуанаттар салонында полицейлер мол олжаға кенелді. Саудагерлер жануарларға арналған жем-шөптің арасында ірі көлемде есірткі жасырып келген.

Елордалық тәртіп сақшылары хайуанаттар салонынан 11 келі наша тауып, алты адамның қолына кісен салды. Тауар Жамбыл облысынан әкелінген. Саудагер есірткіні буып-түйіп, топ мүшелеріне сату үшін табыстап отырған. Ал жануарлар дүкені кездейсоқ таңдалмапты. Тінткен кезде қызметтік иттерді иістен жаңылдыру үшін гашиш салынған сөмкелер жануарларға арналған жем-шөптің арасына жасырылған.

Зоодүкен басты күдіктінің әйелінікі. Әзірге оны полицейлер қамауға алған жоқ. Ел заңына сәйкес, барлық күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.