{metadescription}
Қырғызстанда кезекті сайлау төңкеріске ұласа жаздады
Қырғызстанда кезекті сайлау төңкеріске ұласа жаздады

Қырғызстанда кезекті сайлау төңкеріске ұласа жаздады

Кезекті сайлау кезекті төңкеріске ұласа жаздады. Қырғызстанда Жогорку Кеңеш депутатымен бірге тағы бірнеше адам ұсталды. Ал өткен жұмада қолына кісен салынған Бакытбек Жетігеновке мемлекеттік билікті күшпен басып алмақ болды деген айып тағылған.

Қырғыз ақпарат құралдарының хабарлауынша, депутат «Эл Ынтымагы» бірлестігінің жетекшісі Аскат Темралиевпен сөз байласып билікке қауіп төндіріпті.

Бішкектегі аудандық сот алдағы қаңтар айының соңына дейін қамауға алу жөнінде қаулы шығарған. Сондай-ақ «Қырғызстан жасылдар партиясының» да бірнеше мүшесі ұсталды.

Тергеу мәліметінше, алдын ала ымыраласқан топ сайлау қорытындысы шыға сала жаппай наразылық ұйымдастыруды жоспарлаған. Ал жағдай ушыққан кезде билікті күшпен басып алуды көздепті.

Қазір барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кеше Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Саяси додада 21 партия бағын  сынап, 5 пайыздық межеден көп дауыс жинаған 6 партияға Жогорку Кенештен орын бұйырған. Оның ішінде 16 пайыз дауыспен «Ата-жұрт Қырғызстан» партиясы көш бастады. Алайда бірнеше партия өкілдері сайлау нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеп үлгерді. Олар автоматты түрде есептейтін жүйеден кеткен ақаудың кесірінен дауыс ұрланды деп санайды.

 Жогорку Кеңешке 90 депутатың 56-сы партиялық тізімнен сайланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.