{metadescription}
Шымкент: Бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысыз қалған
Шымкент: Бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысыз қалған

Шымкент: Бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысыз қалған

Шымкентте мектеп ұжымы есепшісіне іздеу салып жатыр. №115 мектепте былтыр бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысын алудан қалған. Зейнетақы қорына аударымдар бірде түссе, бірде түспей қалып жатыр екен.

Биыл келген директор мәселені шешпек түгілі, ұжымға бас көтермеуін ғана талап ететін көрінеді. Ақыры сабыры таусылған педагогтар бүгін қаланың  білім басқармасындағыларды шақырып шу шығарды.

Шымкенттегі №115 мектептің екі жылдан бері басынан дауы арылмай тұр. Себебі, былтыр білім беру мекемесінде есепші ауысып, содан кейін ұжым жалақыға жарымай қалған. Яғни бірде айлық жырымдап берілсе, кейде мүлдем берілмей қалады. Одан қалса Еркебұлан есімді есепші ұстаздарды жеке-жеке шақырып, жалақы түгілі, «мектепке қарызсыңдар» деп, өз есебін көрсетеді екен.

Нағима Пернешова, мұғалім:

- Мен негізі 187 мың алуым керек. Содан 36 мың-ақ. Несием бар. Оны үкімет күте тұрмайды ғой. Әсіресе мына жастар үйге деп, зейнетақы қоры быт-шыт болып отыр. Мына кісілердің барлығы несие аламыз дейді. Ол да жоқ. Айлық мүлдем жоқ.  Біреуі 400 мың қарыз. Біреуі 200 мың қарыз ғып қойған. Осылай біз қарызбыз, әйтеуір. Түсініксіз. Түсіндірмейді, қарызсыз болды.

Түсініксіз жағдайда қарыз болғандардың зейнетақы қорына бөлінген қаржысы да жоқ. Яғни жарнаға деп айлықтан ақша ұсталғанымен, жарнаға бір бөлігі түссе, кейде мүлдем аудармайтын көрінеді. «Оқу жылы басталғалы қарызсыңдар» деп, мектептің жарығы мен интернетін де өшіретінді шығарған. Биыл қыркүйек айында тағайындалған директор сабырға шақырғаннан, бөлек істейтіні жоқ дейді. Енді айлық берер уақыт жақындағанда ұжым тағы да не директор, не есепшіні таппай отыр.

Мақпал Құлжанова, мұғалім:

- Білім басқармасы ешқандай жауап бере алмаса осы мектептің мәселесін шешіп бере алмаса олар не үшін отыр ол жақта. Сонда біз әр келген директорға мақұл көніп жатырмыз иә, жем болуымыз керек пе сонда? Әр келген есепші ақшамызды жеп кете беруі керек пе?

Ұжым шулап басшыларын талап еткен соң білім басқармасынан бір топ шенеунік жетті. Мәжіліс залы болмаған соң ұжымды аядай сыныпқа жинап, шағымдарын тыңдады. Айтуларынша былтырдан бері болып жатқан бассыздықты бүгін ғана білдік деген олар енді төбе көрсетпейтін директор мен есепшіні іздеп тауып, мәселені шешеміз деп сендірді.

Рыскелді Әліш, Шымкент қалалық  білім басқармасы басшысының  орынбасары;

- Осы жердің есепшісін табамыз. Сол кісінің құжаттарын көтере отырып, осының бәрін анықтап, әрмен қарай жұмыс жасайтын боламыз. Жалпы бюджеттен жергілікті бюджет болсын, республикалық бюджет болсын барлық жалпы қаладағы барлық мектептерге уақтылы жылдың басында толық уақтылы қаржы қаралып, уақытында игеріліп жатыр.

Шенеунік сөзіне сенсек былтырдан бері жалғасып келе жатқан былықты бас-аяғы он күнде тексеріп нүктесін қоймақ. Жетпей қалған ақшаны да зейнетақы қорына түсуі тиіс жарнаны да түгелдеп тастаймыз деп бекініп отыр. Жедел тексерістің соңы директор мен есепшіге оңай болмайтын сияқты. Себебі, осы уақытқа дейін жоғарыдан түгел түскен қаржы ұжымға қитұрқылық жолмен жетпей қалғаны белгілі болса, қортындысымен қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.