{metadescription}
Қыз зорлады деген экс-депутат сотта ақталып ақталып шықты – Ақтөбе
Қыз зорлады деген экс-депутат сотта ақталып ақталып шықты – Ақтөбе

Қыз зорлады деген экс-депутат сотта ақталып ақталып шықты – Ақтөбе

Ақтөбеде облыс мәслихатының бұрынғы депутаты сотта ақталып шықты. Осыдан тура бір жыл бұрын Аркадий Ни оқушы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынған. Енді оны сот сүттен ақ, судан таза деп отыр.

Аркадий Ни Ақтөбедегі ең бақуатты бизнесмендердің бірі. Бірнеше шақырылымда мәслихат депутаты болды. Былтыр тәртіп сақшыларына ақтөбелік келіншек кәмелетке толмаған жасөсіпірім қызымның арын таптады деп арызданған. Оның сөзінше, кәсіпкердің қалтасына ақшасы сыймай, он екіде бір гүлі ашылмаған пәк қызды іздепті. Танысы қаржыдан тарыққан келіншекке оқушы қызын бір түнге Ниге тарту етуді сұрап, ақыры арам ойын іске асырды деп арызда көрсетеді. Бірақ сот отырысы кезінде бұрынғы депутат Аркадий Ни емес, оның үстінен арызданған әйел жазалы болып шықты. Ол оқушы қызын үгіттей отыра бизнесменге жала жаппақ болған. Оны сотталушы келіншек те, оқушы қызы да сотта мойындаған. Енді осы қылмысы үшін 5 жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

Әкімғали Молдағалиев, Ақтөбе облысы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасы:

Сот отырысы кезінде әйел ақша алу үшін қызын жала жабуға, тергеуге жалған ақпарат беруге, қалай қаралау керектігін үйреткенін айтып берді. Сотта кәмелетке толмаған қыз бала да анасының бұл сөзін растады. Н. деген азаматтың зорламағанын, қандай да бір жыныстық әрекетке бармағанын айтты. Сот-медициналық сараптамасы да дәлел болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде