{metadescription}
Жүрсін Ерман жиен немересін эфиопиялықтарға ұзатқанына еш өкінбейді
Жүрсін Ерман жиен немересін эфиопиялықтарға ұзатқанына еш өкінбейді

Жүрсін Ерман жиен немересін эфиопиялықтарға ұзатқанына еш өкінбейді

Әлемдегі пандемияның қашан бітетінін Жүрсін Ерман білмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен құда болған ақыннан жұрт соңғы кезде осыны сұрап мазалап жүр екен.

Қазір ел арасында Тедрос Гебрейесустың – құдасы Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтауы қызу талқыланып жатыр. Бірі бұған таң қалса, біразы аралас некеге жол берді деп ақынды жазғырды. Жүрсін Ерманның өзі шетелде білім алған жиен немересін эфиопиялықтарға ұзатқанына еш өкінбейді.

Үстіне шапан, басына бөрік киген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың  қазақ тіліндегі құттықтауы әлемжеліде желдей есті. Ол 70 жасқа толған құдасы Жүрсін Ерманға жылы лебізін білдіріп, ақынның бір шумақ өлеңін де оқып берді.

Жүрсін Ерман жиен немересіне батасын беріп, осыдан үш жыл бұрын Тедрос Гебрейесустың үлкен ұлына қазақ салтымен ұзатқанын айтады. Елімізде өткен сол дүбірлі тойдан кейін ақын халықаралық ұйымның басшысымен жүзбе-жүз кездеспепті. Ал осы құдасының Женевадан жеткен құттықтауынан кейін айтыс жанашырына «аралас некеге не үшін жол бердің» деп жазғырып жатқандар көп екен.

Жүрсін Ерман, ақын:

- Менімен ақылдасқан ешкім жоқ. Ылғи сыртта болған бала ғой. Менталитеті басқаша болды. «Теңін тапса тегін бер» дейді ғой. Біз батамызды беріп шығарып салдық. Мен жазғырып несі бар? Өз ата-анасы бар. Әкесі – Дәулет Тұрлыханов. Шешесі – менің қызым Ардақ Ерманова. Батамды беріп, қарап отырдым қызығын. Жаңа ғана видео қоңыраумен сөйлестім.

Қоғамды қызу талқыланған видеодан кейін ақынға қоңырау шалып пандемия қашан аяқталатынын құдаңнан сұрап білші дегендер де табылыпты. Тіпті Жүрсін Ерман денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалады деп алдын ала болжам жасағандар да болыпты.

Жүрсін Ерман, ақын:

- Біреулер менен сұрайды: «Құдаңыздан сұраңызшы, пандемия қашан кетеді екен» деп. Ол Құдай емес қой. Қайдан біледі? Халықаралық ұйым болғанымен, ол да пенде. Адам ғой. Құдаммен телефон арқылы сөйлесемін. Бала-шағаның жайын біліп. Немерем аударып отырады.

Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен мыңжылдық құда болғанына еш өкінбейтінін айтады. Өзге ұлт өкілдері төл мәдениетімізбен танысып, тілін сындырып, қазақша сөйлеуі керісінше қуантады дейді ақын. Ал оның немерелері әлемнің қай түкпірінде тұрса да, салт-дәстүірімізді ұмытпай, үнемі насихаттап жүргенін жеткізді.

2-желтоқсанда ақын 70 жасқа толған. Қарағандыда өткен сол тойға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы келе алмай, құттықтауын видео арқылы жолдапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.