{metadescription}
Шавкат Мерзиеев  қазақстандық әріптесіне жиі кездесіп тұруға ұсыныс білдірді
Шавкат Мерзиеев  қазақстандық әріптесіне жиі кездесіп тұруға ұсыныс білдірді

Шавкат Мерзиеев  қазақстандық әріптесіне жиі кездесіп тұруға ұсыныс білдірді

Өзбекстанның президенті қазақстандық әріптесіне жиі кездесіп тұруға ұсыныс білдірді. Шавкат Мерзиеев сол кезде екі елдің қарым-қатынасы бүгінгіден де жақсара түсетініне сенімді.

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасында Одақтастық байланыстар туралы декларацияға қол қойылды. Бұл бауырлас екі ел қарым-қатынасының жаңа, жоғары деңгейі, - деді президенттер. Қазақстанға мемлекеттік сапармен табан тіреген Өзбекстан басшысымен өткен  кездесу қалай өтті?  

Әншейінде аязымен адамды шошытатын елорданың ауа райы бүгін ыстық Тәшкеннен қонақтардың келетінін білгендей жып-жылы болып тұр. Жауған қар лезде еріп жатыр. Алғаш рет елімізге мемлекеттік сапармен табан тіреген Өзбекстан Президентіне тек ауа райы ғана емес, Қазақстан билігі де жылы шырай танытты.

Ел астанасының бас көшелерінде Қазақстан мен Өзбекстанның тулары желбірейді. Ал мемлекет басшылары жүріп өтетін жолдар айнадай таза болуға тиіс. Коммуналдық қызмет жатпай-тұрмай тазалаған. Президенттер мінген кортеждің әрі-бері оңай қозғалуы үшін көше тәртіп сақшыларына толы. Бауырлас елдің билік басшысын Тоқаев резиденциясында құшақ жая қарсы алды. Екі жақтың үкімет мүшелерімен танысқан президенттер оркестр орындаған қазақ пен өзбектің әнұранын тыңдады.

Алдымен қос басшы шағын құрамда кездесті. Кейін кеңейтілген құрамда жиын өткізіп, тамыры тереңге жайылған бауырлас елдің қарым-қатынасына тың серпін беретін дүниелерді талқыға салды. Расын айтқанда қазақ пен өзбектің ұстанымдары ортақ. Алыс-беріс, барыс-келіс оңды жолға қойылған. Өзбекстанның бірнеше кәсіпорны елімізде қанатын жайып, дамып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда теңдессіз ілгерілеу бар. Биыл он айдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 30 пайызға артып, 3 миллиард доллардан асты. Біз жуық арада сауда айналымының көлемін 5 миллиард долларға, ал одан кейін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндетін қойдық. Пікіралмасу нәтижесінде бұл қол жеткізуге болатын мақсат деген тұжырымға келдік. Әрине, атқарушы органдар, ең алдымен, үкіметтеріміз осы мақсатқа жету үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге тиіс.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының рекордтық деңгейге жеткенін Мирзиеев те мақтана айтты. Жиі кездесулердің арқасында қатынастар жақсара түседі екен. Сол себепті бауырлас елдің билік басшысы жиында бастама көтерді. Енді қазақ-өзбектің ауылы аралас, қойы одан сайын қоралас болады.

Шафкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:

Қасым-Жомарт Кемелұлы протоколсыз, жиі кездесу бастамасын қолдады. Өзбекстандағы Қазақстан күндері, Қазақстандағы Өзбекстан күндерін дәстүрлі түрде, жыл сайын ұйымдастырайық. Бір рет ресми кездессек жетеді, ал қалған уақытта Самарқанда немесе Шымкент пен Алматыда жүздесіп тұрайық. Алдағы жоспар өте ауқымды. Сондықтан бұл кездесулер сауда-экономикалық, көлік, әлеуметтік қатынастарымызды жақсарта түседі.

Жиын соңы бірнеше құжаттың бекуімен аяқталды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Одақтастық байланыстар туралы декларацияға қол қойылды. Бұл декларация Жоғары мемлекетаралық кеңес, Парламентаралық кеңес, сондай-ақ жұмыс органы ретінде сыртқы істер министрлері кеңесін құруға мүмкіндік береді.

Қос ел болашақта «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын құрады, көші-қон, дін істері мен агроөнеркәсіптік саладағы әріптестікті нығайтуды да әрі қарай жалғастыра бермек.

«Өзбек  өз ағам» деп сыйластығын білдірген қазақ бүгін өзбек ағайындарға драма театрдың сахнасын ұсынды. Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда төрт күн бойы өзбек киносының күндері өтеді.

Бұл Шавкат Мерзиеев президент лауазымына қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары. Қазақ әріптесінің шақыртуымен келді. Екі жыл бұрын Тоқаев мемлекет басшысы қызметіне кіріскенде Мерзиеев алғашқылардың бірі болып Өзбекстанға шақырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде