{metadescription}
Балаларды унитазға байлап қойғандар қылмыстық жауаптан босатылды – Атырау
Балаларды унитазға байлап қойғандар қылмыстық жауаптан босатылды – Атырау

Балаларды унитазға байлап қойғандар қылмыстық жауаптан босатылды – Атырау

Атырауда балаларды унитазға байлап қойды деп күдікке ілінген тәрбиешілерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Облыстық полиция департаментінің шешімін қалалық прокуратура да мақұлдаған. Дімкәс балаларға жасалған озбырлық қылмыстық қудалауға негіз болмаған көрінеді.

Алайда құзырлы органдар психо-неврологиялық ауытқуы бар балғындарға арналған мектеп-интернатындағы жантүршігерлік жағдайдың жай-жапсарын ашып айтпай отыр.

Жазда әлеуметтік желіге №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері видео таратқан. Бейнежазбада тәрбиешілер дімкәс жандарға күш көрсетіп, балаларды унитазға байлап қойған. Аталмыш оқиғадан кейін полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. Арнайы орталықтың басшысы қатаң ескерту алып жұмыстан қуылды. Ал балғындарға күш қолданды деп тергеуге алынғандар қазір қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылған. Тіпті арнаулы мектеп интернатында жұмысын жалғастырып жатыр.

Анар Каюпова, №3  Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры

- Екі қызметкеріміз де жұмыстан шыққан жоқ. Бірақ оларға тәртіптік шара берілді, қатаң сөгіс түрінде. 21-шілдеде №51 бұйрықпен. Қазір бір тәрбиешіміз зейнет жасына жақындаған адам. Осы мекемеге көп жылдан бері еңбегі сіңген қызметкер. Екіншісі – палата санитары. Ол кісі қазір еңбек демалысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде