{metadescription}
Оңбай таяқ жеген 10-сынып оқушысы ауруханада жатыр – Алматы облысы
Оңбай таяқ жеген 10-сынып оқушысы ауруханада жатыр – Алматы облысы

Оңбай таяқ жеген 10-сынып оқушысы ауруханада жатыр – Алматы облысы

Алматы облысында оқушылары төбелескен мектеп директоры қызметінен шеттетілді. Жоғарғы сыныптағы балалардан оңбай таяқ жеген 10-сынып оқушысының миы шайқалып ауруханада жатыр. Жәбір көрген баланың туыстарының айтуынша, олар ұлынан ақша бопсаламақ болған.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі  тергеу басталды. Рахат ауылын дүр сілкіндірген оқиға қалай болған?    

Батпаққа шыланған ақ көйлек, басын ұстап ақсаңдап бара жатқан бала. Қалған жігіттердің таза жүргеніне қарағанда, ішінен екеуі төбелесіп, бірі соққының астына қалған сыңайлы. Бұл бейне анасына бірінші болып жеткен. Оңбай таяқ жеген баласын бірден танып үйіне жетіп барған.

Шолпан Жұмабаева, анасы:

Келсем, балам құсып жатыр. Есінен танып, беті көгерген, аузы қанаған. Жедел жәрдем шақырдық. Алып кетті. Сол жерде естідім. Диас, Алмат және Жандос деген балалардың ұрғанын, ақша сұрағанын.

Оқиға Есік қаласына қарасты Рахат ауылының кісі аяғы көп жүрмейтін көшелерінің бірінде болған. Бұл маңда үй иелері жиі келмейтіндіктен көбіне бос болады екен. Оқушылар бір-бірінің арасындағы кикілжіңді осы жақта шешетін көрінеді.

- Осы жерде баламды аяусыз жерге жығып, үстіне мініп ұрған ...

Анасының сөзінше, баласын қанжоса қылып тепкілегендер №1 мектептің 11- сыныбында оқиды екен. Тәлімгерлері төбелескен білім ордасына біз де бардық. Оқу ісінің меңгерушісі директордың орнында жоқ екенін айтып, сұраққа жауап бере алмаймыз деп басын ала қашты.

Қазір мектеп директоры оқушылар арасындағы төбелесті жасырғысы келгені үшін жұмысынан шеттетілді. А, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары орнын босатты. Ал осымен төртінші күн ауруханада жатқан бозбала қазір оңалып келе жатыр. Алайда жәрдемханаға алғаш келгенде миы шайқалып, ерні жыртылып кетіпті.

Ахмед Даврешов, Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Диагнозы: ми зақымы, беті, кеудесіндегі бұлшық еттері зақымдалған. Енді осындай жағдай болғаннан кейін түгел емін беріп, үйіне шығарамыз.

Соққыға жығылған мектеп оқушысы келесі аптада үйіне шығарылуы мүмкін. Ал полицейлер бұзақыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Ернар Сайдильдин, Алматы облысы ПД өкілі:

- Оқушылар арасындағы жанжал биыл 6- желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауыл округінде болды. Тексеру барысында оқиға сабақтан кейін сағат 13:30 шамасында №1 мектептің 10, 11 сыныптарында оқитын екі оқушысының арасында болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір полицейлер бұзақылық бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Егер  ақша бопсаламақ мақсатта жеткіншекке күш қолданғандары дәлелденсе, 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылып, ата-аналары 5 миллионнан астам айыппұл төлеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.