{metadescription}
Меха России: Тондар арзан бағамен сатылады
Меха России: Тондар арзан бағамен сатылады

Меха России: Тондар арзан бағамен сатылады

Тондардың бағасы төмендей түседі. «Меха России» жәрмеңкесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өз клиенттеріне жеңілдік жасағалы жатыр. Ресейде тігілген сапалы ішіктерді арзан бағада сатып аламын десеңіз, Балуан Шолақ спорт кешеніне асығыңыз.

Өйткені мұнда жылы әрі жарасымды киімдердің бағасы бұрынғыдан да арзанырақ. Тіпті бөліп төлеуге де болады.

«Меха Росии» жәрмеңкесі алматылықтарға тағы да жағымды жаңалығын жеткізеді. Сатушылар мерекеге орай барлық тон түріне жеңілдік жасамақшы. Бұл жолы да көздің жауын алатын ішіктердің мыңдаған түрін әкелген олар халықты таптырмас мүмкіндіктен қапы қалмауға шақырады. 

 Сергей Побединский, бас менеджер:

Біздің жәрмеңкеде мерекеге арналған жеңілдіктер 16 желтоқсаннан 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Әр тонның түріне және сапасына орай бекітілген бағасы бар. Сондай-ақ тон сатып алғандарға 70 мың теңгелік сертификат пен сыйлыққа пальто беріледі. Мереке күндері таңертеңгі сағат 10-нан соңғы келушілер кеткенше жұмыс істейміз.

Ресейлік фабриканың өнімдері Алматыда бірнеше жылдан бері сатылып жатыр. Ұнаған киімін сатып алуға келушілерге түрлі жағдай жасалған. Мәселен, тон, ішікті бір немесе екі жылға дейін ешқандай пайызсыз бөліп төлеуге болады. Ал бұған жағдайы келмесе, несие де қарастырылған. Сондай-ақ қыз-келіншектерден бөлек, ерлерге жарасымды сыртқы киімдер де осында.

Айдар Сұлтанғалиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өзіме қысқы уақытқа тон іздеп жүр едім. Жарнамадан көріп осы жерге келдім. Ерлерге арналған тонның түрі көп екен. Әрі көлік айдаған кезде де ыңғайлы. Бұған дейін тон кимегенмін. Енді биыл қыс суық болады деген соң тон іздеп келіп тұрмын.

Жәрмеңкеде қаракүзен, мутон, бұлғын, қаракөл терісінен тігілген тондардың үш мыңнан астам түрі бар. Ендеше қақаған қыста тон киіп тоңбай жүргіңіз келсе, Балуан Шолақ спорт сарайына қарай асығыңыз. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде