{metadescription}
Алты жыл отасқан жарын айуандықпен өлтірген еркек сотталды  
Алты жыл отасқан жарын айуандықпен өлтірген еркек сотталды  

Алты жыл отасқан жарын айуандықпен өлтірген еркек сотталды  

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген еркекке қатысты сот үкімі шықты. Алты жыл отасқан жарын айуандықпен жазым қылған қылмыскер 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Берік Қалқанның кінәсі толық дәлелденгенімен, өзіне шаң жуытпады. Бұл  іске осы 27 жастағы азаматтың сыбайласы ретінде тартылған Нұрлан Дархан есімді азамат үш жылға түрмеге жабылды – қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылды. Екі сотталушы денесі судан табылған Гүлдана Санақбайдың жақындарына 10 миллион өтемақы беруі тиіс.

Осы жылдың басында 23 жастағы бір баласы бар келіншектің жоғалып кеткені айтылған. Туыстары бірден бұрынғы күйеу баладан күдіктеніп полицейлерге шағым түсірген. Шу қаласының тұрғыны Гүлдана Санақбайдың денесі екі айдан соң Тас өткел су қоймасынан табылып, экс-күйеуі қамауға алынған еді. Айта кетейік, судан жоғалған келіншектің мәйітін іздеймін деп 50 жастағы тіс қаққан сүңгуірдің өзі суға батып, денесі бір айдан соң әзер табылған болатын.

Индира Тілеубаева, Гүлдананың анасы:

Сот шешімімен келісемін. Өйткені осы іс бойынша бұрынғы күйеу балам Қалқан Берікке 18 жыл жаза тағайындады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

01 шілде

Қазір эфирде