{metadescription}
Алаяқтар КТК логотипін пайдаланып жұрттың сеніміне кірген
Алаяқтар КТК логотипін пайдаланып жұрттың сеніміне кірген

Алаяқтар КТК логотипін пайдаланып жұрттың сеніміне кірген

Тұзаққа түсірудің жаңа жолы! Елімізде қаржы пирамидалары жарнамаларына қазақстандық телеарналардың логотипін пайдаланып жұрттың сеніміне кіріп жүр. Алаяқтар КТК арнасын да айналып өткен жоқ.

Біздің арнамыз ресми түрде мұндай сұхбат жүргізбегенін мәлімдейді. «Осы компанияға ақша құйғалы өмірім күрт өзгерді» деп видеода ағынан жарылған Татьяна да «Каспий Нефть» компаниясына қатысым жоқ деп отыр. Ол аталған ұйым мүлдем басқа тақырыпта айтқан сөзімді рұқсатсыз кесіп алып пайдаланғанын жеткізді.

Қазір құзырлы органдар мұнайға инвестиция құю арқылы баюға шақырған күмәнді мекемені тексеруге кірісіп кетті. Өкінішке қарай, елімізде арбауға көніп, алдауға сенетіндердің қатары көбейіп барады.

Мәселен, осы жылдың өзінде 16 компания «қаржы пирамидасы» деп танылды. Олардың жұртқа келтірген шығыны 16 млрд. теңгеден асып жығылады. Сан соғып қалған жәбірленушілердің саны 19 мыңға жеткен. Сондықтан мамандар жылдам әрі жеңіл пайда табуға әуестенбей, сақ болуға шақырады.

Руслан Остроумов, ҚР Қаржы мониторинг агенттігі басқарма басшысы:

Бүгінде жұртқа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қаржы пирамидалары туралы түрлі ролик таратып жатырмыз. Қаржы ұйымдарының қақпанына білімді, оқыған азаматтар да түседі.Қандай да бір компания ақшаңызды санаулы айда еселеп беремін десе – сенбеңіз. Алдымен тексеріңіз. Біздің агенттікке, ішкі істер органдарына жазыңыз. Танымал тұлғалар жарнамаласа да сенбеңіз. Ақша оңайлықпен келмейтінін түсінетін уақыт жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.