{metadescription}
Мың тонна пияз далада шіріп жатыр – Жамбыл облысы
Мың тонна пияз далада шіріп жатыр – Жамбыл облысы

Мың тонна пияз далада шіріп жатыр – Жамбыл облысы

Еш кеткен еңбек! Жамбыл облысының Байзақ ауданында мың тонна пияз далада шашылып жатыр. Үсік шалған көкөніс шіріп кеткен. Тұрғындар оны жинап әкетуді талап етуде.

Ал жергілікті биліктің сөзінше, пияз еккен қожалық иесі қайтыс болыпты. Сондықтан өнімдері терілмей рәсуә болған.   

Әлеуметтік желіде тараған көрініс елді елең еткізді. Дәл күре жолдың бойындағы алқапта пияз қап-қабымен шашылып жатыр.

- Байзақ ауданы ғой, 300 гектар пияз жартысы қапталған, жартысы қапталмаған күйінде қалып кеткен ғой. Қазір жарамайды, үсіп кеткен.

Белгілі болғаны, қожалық иесі екі ай бұрын коронавирустан көз жұмған. Содан бері марқұмның туыстары да төбе көрсетпеген. Диқан еңбегінің қызығын ауыл халқы көріп, шама келгенше жарамдысын жинап алған. Жергілікті тұрғындар қалған өнімді тазартып тастау керек дейді. Әйтпесе күн жылынса шашылған пияз иістеніп, ауаны ластауы мүмкін деп қауіптенеді.

Ғалия Әлиханова, Байзақ ауданының тұрғыны:

- Сасып жатыр, табиғатты құртады ғой, оны алу керек, тазалау керек. Адам жалдау керек шығар. Қазір енді күні жылы, алдағы уақытта не болатын білмейміз.

Шенділердің сөзінше, пияз 300 емес, бар болғаны 40 гектарға егілген. Иесі алқаптағы көкөністің төрттен бір бөлігін жинап үлгермеген. Сөйтіп 10 гектардан шыққан мың тонна пияз аяздан үсіп кетіпті.

Нұрсұлтан Ақжолов, Байзақ ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Жәрдем жасамады дегенде, ол жерде бәрі аяқасты болып кетті. Біріншіден, ол кісінің басқарып жатқан қызметкерлері жинауы тиіс еді. Сақтау қоймасына тасымалдап жатқан. Екі ортада жаңағыдай орын алған соң, тасымалдап үлгере алмай, уақыт созылып кетті.

Атқамінерлер үсік шалған пиязды қоймаға кіргізу де қауіпті болғанын айтады. Өйткені бұзылған көкөніс басқа өнімдеріді шірітеді деген күдік болған. Қоқысқа айналған голландиялық пияздың алқапта қанша жатары белгісіз. Өйткені әкімдік оны жинап алуға құлық танытпады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде