{metadescription}
ҰБТ: Ақылы бөлімге түсетіндерге сынақ тапсыру қымбаттайды
ҰБТ: Ақылы бөлімге түсетіндерге сынақ тапсыру қымбаттайды

ҰБТ: Ақылы бөлімге түсетіндерге сынақ тапсыру қымбаттайды

Ақылы бөлімге түсетіндер үшін сынақ тапсыру құны қымбаттайды. Келер жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін болашақ студенттер екі есе артық шығындалмақ.

Құны қымбаттаған тестілеуді мектеп бітірушілер 2022 жылдың 10-қаңтары мен 10-ақпан аралығында тапсыра алады. Ол үшін 5640 теңге төлеуі қажет.

Он жылдан бері 2242 теңге болған еді. Бірақ бұл жоғары оқу орнының ақылы бөліміне тапсыратын түлектер үшін ғана. Ал мемлекеттік грант конкурсының тағдырын шешетін сынақ жылдағы дәстүр бойынша тегін болып қала бермек. Ұлтық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев тестілеу бағасының қымбаттауын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп түсіндірді.Тест сұрақтарының сапасын арттыру мақсатында оны құрастырушылардың жалақысы көтерілетінін мәлімдеді. Түскен қаражаттың тағы бір бөлігі тестілеу пункттерін жалға алуға, компьютер, бейнебақылау камера сияқты керек жабдықтарға жұмсалады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.