{metadescription}
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар парламент мүшесі болуы мүмкін
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар парламент мүшесі болуы мүмкін

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар парламент мүшесі болуы мүмкін

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар да парламент мүшесі болуы мүмкін. Бүгін мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына» осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. «Бұл мүгедек азаматтардың қоғамда белсенді болуына жол ашады», - дейді депуттар.

Аталған бастаманың көтерілуіне ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1-қыркүйегіндегі  жолдауы  негіз болыпты. 

Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты:

- Заң жобасының басты мақсаты – биліктің өкілді тармағына әйелдер және жастармен қатар ерекше қамқорлықтағы адамдардың қатысуын қамтамасыз ету. Және олардың пікірін ескеру, мемлекет тыныс-тіршілігіне белсенді жұмысқа тарту болып табылады. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. 

Өткен жылы парламент партиялық квотаның 30 пайызын әйелдер мен жастарға бөлу туралы заң қабылдаған еді. Осылайша енді бұл тізімге ерекше күтімдегі азаматтар да қосылады. Қазір заңға сәйкес, Мәжіліс депуттатығына сайлану үшін үміткердің жасы 25-тен төмен болмауы керек. Және соңғы бес жылда Қазақстан аумағында тұруы міндетті. Ал сенат депуттығына үміткер атануға  30 жас, жоғары білім мен кемі бес жылдық еңбек өтілі қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде