{metadescription}
«Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмек қолын созады
«Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмек қолын созады

«Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмек қолын созады

Күш – бірлікте! Алматы қаласын қалпына келтіруге «Сбербанк» те көмек қолын созады. Сын сағатта қаржы ұйымы қала билігіне су жаңа 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Сбербанк өз қаражатына есік-терезесі бүлінген Орталық мұражай мен Ұлттық кітапханаға жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Мұның барлығына 550 миллион теңге бөлінген.

Ел басына күн туған сәтте көмекке жұмылған қаржы ұйымдарының бірі –  Сбербанк. Банк басшылығы қала билігіне су жаңа 10 жедел жердем көлігін сыйға тартты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған бұл көліктер алматылықтарға қызмет көрсететін болады.

Елдар Теңізбаев, «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасы:

- Алматы қазір қиын кезеңді бастап өткеріп жатыр. Мақсатымыз – туған қаламызды қалпына келтіру. Осы маңызды жұмысқа «Сбербанк» те өз үлесін қосты, біз 550 миллион теңге бөлдік. Бұл қаражаттың 460 миллин теңгесі су жаңа 10 жедел жәрдем көлігін алуға кетті.

Қаржы ұйымы шаһарда бүлінген тарихи һәм рухани нысандарды жөндеуге қол ұшын созуды жоспарлап отыр. «Сбербенк» Орталық мұражай мен Ұлттық кітапхананы қайта қалпына келтіру көмектеспек. Банктің арнайы комиссиясы шығын мөлшерін де есептеп үлгерген.

Елдар Теңізбаев, «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасы:

Жөндеу жұмыстарын құрылыс компаниялары істейді. Оларға тиісті қаражатты біз береміз. Барлығымыз осы сынақты бірігіп жеңу керекпіз. Сол кезде сындарлы сәттен сүрінбей өтеміз. Күшбірлікте!   

«Сбербанктің» елдегі бөлімшелерінің көбі қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Банк басшылығы клиенттердің қаражаты қауіпсіздікте екенін жеткізді.

«Сбербанк» цифрлық даму министрлігі және Ұлттық банкпен бірлесіп, халықаралық банктердің арасынан алғашқы болып мобильді қосымшасын іске қосқан. «Сбербанк» қиын-қыстау кезеңде жұдырықтай жұмылып, ел ынтымағын бекемдеу маңызды деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде