{metadescription}
Енді айырбастау пунктерінде төлқұжат көрсетпей-ақ қойса болады
Енді айырбастау пунктерінде төлқұжат көрсетпей-ақ қойса болады

Енді айырбастау пунктерінде төлқұжат көрсетпей-ақ қойса болады

Қазақстандықтарға енді айырбастау пунктерінде жеке куәлік немесе паспорттың түпнұсқасын көрсетпей-ақ қойса болады. Азаматтарға цифрлық құжаттарды қолдануға рұқсат берілді.

Ұлттық банк бұл өзгерістерді тиісті заңға былтыр енгізгенімен, ол тек 29-наурыздан бастап күшіне енеді. 

Айырбастау пунктері қаржы нарығын реттейтін органның өтініші негізінде азаматтардың жеке басын сәйкестендіруді жүргізеді. Бұл ережелер 2020 жылдың ақпан айынан бастап қолданылады. Ал егер айырбастау сомасы 500 мың теңгеден асатын болса, онда кассадағы маман клиенттің мекенжайын да сұрауға құқылы. Қазақстандықтар цифрлық құжаттарды осы күнге шейін тек мемлекеттік қызметтерді алу кезінде пайдаланып келді. Қазір банктер, әуежайлар мен әуекомпаниялар да бұл істе белсенді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде