{metadescription}
18 жастағы жігіттің балконға асылып өлуіне не себеп болды?
18 жастағы жігіттің балконға асылып өлуіне не себеп болды?

18 жастағы жігіттің балконға асылып өлуіне не себеп болды?

Алматыда 18 жастағы жігіттің оныншы қабаттың балконына асылып өлуіне отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Өйткені ол өзіне қол жұмсамас бұрын пәтерде әлдекімдермен дауыс көтеріп ұрсысып жатқанын көршілері естіген.

Студент жалдамалы пәтерде әпкесімен тұрыпты. Қазір полицейлер оқиғаның ақ-қарасын анықтауда.

Қайғылы жағдай кеше кешкісін «Алтынсарин» тұрғын үй кешенінде болған. Бозбаланың мойнына арқан байланып, жансыз салбырап тұрған денесін тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.

Олардың айтуынша, 18 жасар жігіт өзіне қол жұмсамас бұрын бірнеше рет «секіремін, өлемін» деп жан дауысы шығып айқайлаған. Алайда бұған көршілері аса мән бермеген көрінеді. Арқанға байланып тұрған жансыз денені көрген кезде ғана полицей шақыртыпты.   

Эмран:

Кеше мен сабақ оқып отырғанмын. Тереземіз ашық болды. Біреу алғашында «секіремін» деді. Сосын  «асылып өлемін» деп айқайлағанын естідім. Басында қалжыңдап жатыр деп ойладым. Асулы тұрған денені көрген кезде шошып кеттім. Қатты қорықтым.

Болжам бойынша ол 10-шы қабатта арқанды байлап, мойнына іліп балконда тұрған. Үй ішіндегі жанжал тоқтамаған соң секіріп кеткен сыңайлы. Өйткені көршілер бұл маңда айқай мен ұрыс-керістің жиі естілетінін айтады. Марқұм әпкесімен тұрыпты.

Тұрғындардың айтуынша, жантүршігерлік оқиға осы пәтерде болған екен. Және марқұм жігіт өзінің туған әпкесімен бірге тұрыпты. Қазір есікті қағып көрейік... Үнсіз.

Бұл тұрғын үй кешені жақында ғана пайдалануға берілген. Тұрғындар әлі толық қоныстанбаған. Пәтерлердің көбісі жабық тұр. Ал мұнда баспана жалдап тұрып жатқандардың басым көпшілігі студенттер болғандықтан, көршілер бір-бірін аса танымайды екен. Полицейлер өзін-өзі өлтіру бабы бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Ал жас жігіттің суицид жасауына отбасылық  жанжал себеп деген ақпарат тексеріліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек бойынша қазір Әуезов ауданы полиция басқармасында ҚК 105-бабының нормасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Болған оқиғаның толық мән-жәйы және осы әрекетке итермелеген себеп-салдары анықталатын болады.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. 18 жасар студенттің өзіне қол жұмсауына не түрткі болғанын, кім себеп екенін құзырлы органдар анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.