{metadescription}
Еліміздің батыс өңірінде баспана тағы қымбаттап жатыр
Еліміздің батыс өңірінде баспана тағы қымбаттап жатыр

Еліміздің батыс өңірінде баспана тағы қымбаттап жатыр

Еліміздің батыс өңірінде баспана құны тағы қымбаттап жатыр. Әсіресе Ақтау мен Ақтөбеде пәтер бағасы 35-40 пайызға көтерілген. Сарапшылар мұны тұрғындардың зейнетақы қорындағы артылған ақшаға жаппай жылжымайтын мүлік сатып алуы себеп дейді.

Өзге өңірлердегідей емес, мұнайшылардың қордағы салымдары едәуір жиналып, несиесіз үй алуға жинағы еркін жеткен.

Ақтауда баспана бағасы күрт өсті. Қазір бұл жақтан бір бөлмелі пәтерді 11-12 миллион теңгеге әрең табасың. Осыдан бір жыл бұрын оның құны 7 миллион теңгеден аспайтын. Сарапшылар пәтер бағасының қымбаттауына зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға рұқсат беру себеп болды дейді. Мұнайшылардың қордағы жинағы белгіленген мөлшерден әдеуір асып, жұрт жаппай жылжымайтын мүлік алуға кірісіпті.

Бибігүл Саубетова, экономист:

- Тұрғын үй бағасының көтерілуіне бірнеше фактор әсер етті. Ең бірінші, зейнетақыдағы артылған ақшаның тұрғындарға берілуінен деп білемін. Инфляция да өз әсерін тигізді. Сосын тұрғындар қазір қолында бар ақшасын жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсап жатыр. Бұл да өз кезегінде тұрғын үй нарығына әсерін тигізеді. Қазір түрлі ипотекалық бағдарламалар көп бұл да әсер етеді. Меніңше сәуір айына дейін үй сатып алу қарқыны жақсы болады. Содан соң қалыпты жағдайға түседі деп ойлаймын.

Баспана құны қымбаттаған аймақтардың тізімінде Ақтаудан соң Ақтөбе тұр. Бұл жақта пәтер құны 35 пайызға көтерілген. Соңғы бір жыл ішінде 2-2,5 миллион теңге қосылыпты. Ақтөбеде зейнетақы қорындағы артылған ақшаны тұрғындар баспана алуға жұмсап жатыр. Ең қызығы, жергілікті тұрғындардан бөлек, көршілес Атырау мен Ақтау тұрғындары Ақтөбеден баспана алуға құмар.

Дана Убайт, жылжымайтын мүлік агентігінің менеджері:

- Ақтаудан, Атыраудан келіп алушылар өте көп. Өйткені баға жағынан біздікі сонда да төмен. Тиімді біз жақтан алған. Экология деп жатады. Көбінесе Атырау жақтан. Мұнай, экология жағынан біздікінен нашарлау болғандықтан, балалары оқуғы түсіп жатады. Көптеген үлкен оқу орындары Ақтөбеде.  

Ақтау мен Ақтөбеге қарағанда Оралда баспана бағасы арзандау. Бір бөлмелі пәтерді 9-10 миллионға, екі бөлмелі пәтерді 14-15 миллионға сатып аласың. Дегенмен соңғы бір жылда тұрғын үй 24 пайызға қымбаттапты. Мұны құрылыс жұмыстарының бәсең жүруімен түсіндіреді мамандар.

Сайлаубек Есқалиев, жылжымайтын мүлік агентігінің директор:

- Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ тым аз үй салынып жатыр. Тек соңғы 3-4 жылда ғана жаппай құрылыс бастау алды. Сондықтан баспанаға сұраныс көп. Сұраныс бар жерде баға да өседі.

Еліміздің батыс аймағында пәтер құны 30-40 пайызға дейін көтерілгенімен, өзге өңірлермен салыстырғанда жылжымайтын мүлік әлі бұл жақта арзан деп есептеледі.

Алматыда пәтердің бір шаршы метрі 600 мың теңгеден, елордада 400 мың теңгеден асады. Қымбатшылыққа қатысты кестенің соңында тұрған Көкшетаудың өзінде баспананың бір шаршы метрі 302 мың теңге. Өйткені бұл аймақтарда бұрыннан қымбат баға қалыптасып қалған.

Ал Ақтау мен Ақтөбеде баспана бағасы қырық пайызға қымбаттағанымен, пәтердің шаршы метрі 240-270 мың теңгеден аспайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде