{metadescription}
Тергеу абақтысында азапталды деген жандардың жанайқайы ...
Тергеу абақтысында азапталды деген жандардың жанайқайы ...

Тергеу абақтысында азапталды деген жандардың жанайқайы ...

Қаңтар оқиғасын тексеріп жатқан «Ақиқат» қоғамдық комиссиясына түскен өтініштер легі толастар емес. Әсіресе азаматымыз тергеу абақтысында азапталды деген жандардың жанайқайы өте көп. Ал осы уақытқа дейін комиссия мүшелері 60 адамның түрмеден шығуына септескен. Олардың көбісінде бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылған.

Сондай-ақ соңғы күндері комиссияға хабарласқан кәсіпкерлердің қарасы көбейіпті. Барлығы өтелетін шығын көлемімен келіспейді екен.

Қамауда жатқан Сарқыт Салқановтың Талдықорғандағы шеруде көпшілік алдында сөйлеп тұрған сәті. 32 жастағы азаматтың туысқандары оның митингіде белсенділік танытқанымен, ешқандай басбұзарлыққа бармағанын айтады. Алайда қаңтар оқиғасынан соң бір ұсталып босатылған жігіт қайта қамауға алыныпты. Бірақ тергеу абақтысында азапталған бауырымыздың денесінің сау-тамтығы қалмаған, - дейді туысқандары.

Қаламқас Бисембаева, Сарқыт Салқановтың қарындасы:

- Салқанов Сарқытты 12-і күні алып кетіп, СИЗО-аға алып барып соққан. Барлық анықтамалары бар. Қатты зақым. Қабырғалары сынған, барлығы бар. Содан кейін жіберіп отыр да, қайтадан 22-і күні алып кетті. Міне, 40 күндей болды, қамалып жатқанына.

Ал күдіктінің тергеу барысында оңбай таяқ жегенін растаған адвокат апталдай азаматты тіпті үтікпен күйдірмек болғанын айтады.

Оның сөзінше, оған «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ шеруге шықса да, ештеңе бүлдірмеген адамды бір ауыз сөзі үшін қамауға болмайды дейді адвокат.

Төлеген Бердіқожа, адвокат:

- Сөзінің аяғында «жүріңдер әкімдікке» деген ғой. Сосын ең соңында «еш нәрсе бүлдірмеңдер, қиратпаңдар» деген. Тергеу сараптама тағайындап жатыр. Айқайлаған дауыс соныкі ме, бұл жерде бұзақылыққа шақыру бар ма дегендей, филологиялық сараптама жүргізіп жатыр. Соны күтіп отырмыз.  

Ал «Ақиқат» қоғамдық комиссиясы түрмедегі азаптауға қатысты бірде-бір істің әлі сотқа жетпегеніне қапалы. Бірақ қаңтар оқиғасын тексеру мәселесі «күн тәртібінде» деген олар Қызылорда, Алматы облысы мен Алматы қаласынан көп өтініш түсіп жатқанын айтады. Ал осыған абақтыдан шыққандардың  дені үй қамаққа ауыстырылған.

Айман Омарова, «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі:

- Комиссияның араласуымен нақтысын айтсақ, 60-тан адам болды. Ол тек Алматы емес қой. Ал сенбі күні 20 адам шықты. 10 адам Алматы қаласынан, 10 адам Алматы облысынан шықты. Атыраудан қанша адам шығатынын білмейміз, Қызылордадан хат алдық, 9 адам шығарылып жатыр деген.

Соңғы күндері зардап шеккен кәсіпкерлер де шағым түсіре бастаған. Қазір тәртіпсіздік кезінде шығынға батқан 27 жеке кәсіпкер өтініш жазыпты. Барлығы өтелетін қаржы көлемімен келіспеген. Сондықтан осы бағытта да жұмыс бастадық, - дейді комиссия мүшелері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.