{metadescription}
Балалар үйі жұмысшыларының үстемақысы үлкен дауға айналды – Қарағанды облысы
Балалар үйі жұмысшыларының үстемақысы үлкен дауға айналды – Қарағанды облысы

Балалар үйі жұмысшыларының үстемақысы үлкен дауға айналды – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында балалар үйінің жұмысшыларына қосымша төленіп келген 5 мың теңгелік үстемақы дауға ұласты. Ішкі аудит департаменті жетімдердің ас ауқатын беріп, кір қоңын жуатындарға білім министрлігі бұйрығымен соңғы үш жылда төленген қаражатты заңсыз деп тапқан.

Соның салдарынан өңірдегі 6 балалар үйінің жұмысшылары мемлекетке 35 миллион теңге берешек болған. Алды сотта жеңіліп, кемі 300 мың теңгеден қайтаруға тиіс. Ал тексерушілер баланы бағуға қатысы жоқтарға 5 мың теңге артық төленген деп санайды. Гүлбану Әбдірахманова мүмкіндігі шектеулі балаларға киім-кешекті дене бітіміне арнап пішіп, тігеді. Ол үшін әр баланың асты-үстіне түсу қажет. Басында 360 мыңнан астам қарызы бар екенін жақында естіп, есінен тана жаздаған. Енді оны қайтаруға жарты жыл тегін жұмыс істеймін деп қынжылады.

Гүлбану Әбдірахманова:

Мысалы, маған қазір 361 мың теңге қайтару керек болып тұр. Мен оны неге қайтарамын? Мен ешкімнен ештеңе сұрағам жоқ, не тағайындап берді, соны алып отырдым. Мен бүгінгі күні 60 мың теңге аламын. Осыдан үш жыл бұрын ол 30 мың болған. Сонда мен оны қалай қайтару керекпін?

Балалар үйіндегілер мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық ақша қарыз. Бұл 70-ке жуық қызметкердің үш жылдан бергі үстемақысы. Бухгалтер бұл білім және ғылым министрлігінің қаулысына сай төленгенін  айтады.

Татьяна Рассказимова, есепші:

- Біз мұны өзіміз ойлап тапқан жоқпыз, басқарма тарапынан рұқсат берілген. Енді жұмыскерлердің айлығынан ұстап қалмақ. Осында жұмыс істеп 28 мың, 30 мың айлық алатын адамдар бар. Соларға 5 мың теңге үстемақы қосып отырдық. Жыртыққа жамау болсыншы деп, енді соның барлығын бір мезетте қайтарсын дегені ақылға сыймайды.

Қазір облыста осындай жұмыскерлердің қарызы 34 миллион теңгеден асқан. Кейбірі сотқа арызданғанымен, жеңілген.   

Айгүл  Мұталапова, Қарағанды облысы экономикалық сотының судьясы:

- Мұндай үстемақы тек балалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндерге ғана арналған. Қосымша жұмыскерлер бұл санатқа жатпайды. Жұмыс беруші үкімет қаулысының негізінде ғана төлемдер жүргізуі керек болатын. Сот шешімі күшіне енді.

Қарағанды облысы ішкі аудит департаменті де осындай ұстанымда. Айтуларынша, бұл тәрбиеші мен түнгі бала күтушілер сияқты мамандықтар. Қалғаны балалар үйінде жұмыс істесе де, балалармен қарым-қатынаста болмайды екен. Балларды киіндіретін, ас ауқатын беріп, жатын орынын реттеп, артынан жуып-шаятындар балаларға қалай қатысымыз жоқ деп таңданады.

Дегенмен тексерушілердің ұстанымын сот қолдады. Сондықтан айлығы 30-дан 60 мың теңгеге дейінгі жұмысшылардың әрқайсысы 200 ден 400 жүз мың теңгеге мемлекетке берешек болған. Қалай да қайтарасың. Бастысы, мемлекетке келген орасан зор шығын әшкереленді. Шенділер қажаратты қолды қылған еден мен ыдыс жуатындардың соңына шам алып түскенін мақтанышпен жеткізді. Ал осы жандарға үстемақы төлеген білім министрлігі еркінен тыс қарыз болғандарға араша түсуге асықпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.